Қазақстанның әйгілі жазушысы: көрме-шолу
1 қараша күні Абай атындағы кітапханада қазақтың қазіргі заманғы әдебиетінің негізін қалаушы, Қазақстанның әйгілі жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 115 жыл толуына орай көрме-шолу ұйымдастырылды. Д.Қалматаев атындағы медициналық колледж студенттерінің назарына жазушының кеңінен танымал романдары «Өмір не өлім», «Шығанақ Берсиев», «Милионер», «Дауылдан кейін», «Куәгер», «Қарағанды» ұсынылды. Жазушының кітаптары қалың оқырманға жақсы таныс және әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қазақ әдебиетінің алтын қорына енген.
Шарада ерекше қызығушылық тудырған Ғабиден Мұстафиннің шығармалар жинағы. Олар «Ер-Шойын» тұңғыш әңгімелер жинағы (1929), жазушының бірінші романы «Өмір не өлім» 1940 жылы Алматыда жарық көрді. Бұл ақынның қайтадан туылған күні болды. Содан кейін 1945 жылы «Шығанақ» романы басылып шықты. Соғыстан кейінгі кезеңде жарық көрген қазақ прозасының бірнеше елеулі туындылары болды, олардың арасында көрнекті орын алған Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1948) романы орталық баспада оң баға алып, Жамбыл атындағы республикалық сыйлыққа ие болды. Жазушының “Қарағанды” романы 1952 жылы жарияланып, 1959 жылы «Дауылдан кейін» романы жарық көрді.
Осындай ақпараттармен жалғасқан көрме барысында Ғабиден Мустафиннің өмірі мен қызметі туралы және оның шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді.