Вожатыйлар кеші. Мицар лагеріне – 50 жыл: гитара әуендерінің кеші
2017 жылдың 5 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық әмбебеап кітапханасының қабырғасында құрылған «Ключ» авторлық әндер клубының, Кеңес заманыңдағы балалар лагеріндегі вожатыйлар әніне арналған, кезекті отырысы өтті.
Алғашқы вожатыйлар жасақтары 1960 жылдары Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында құрылған болатын. Ал «Мицар» лагері алғаш рет бүлдіршіндерді жазғы демалысқа 1967 жылы қабылдаған. Семейде барлығы 10 вожатый жасақтары жұмыс жасап тұрды. Сол кездегі қаламыздағы «Зорянка», «Мицар» лагерлері бүкілодақтық «Артек» лагерінің жүйесінде қызмет атқарды. Бүгінде балалардың жазғы демалысын қызықты әрі көңілді өткізулері үшін лагерьлер жұмысы қайта қолға алына бастады.
Жарты ғасырда тәлімгерлер көптеген әндер жазып, балалар мен ересектердің өзіндік музыкалық мәдениетін қалыптастырды. Осы кеште сол кездегі вожатыйлар жасақтарының мүшелері Вячеслав Еремеев, Андрей Гамбург, Марат Байжановтар лагерь әндерін орындап, ән салуға қызығушылық танытқан «Ключ» авторлық әндер клубының мүшелері ән салуды жалғастырды. Бұл концертте отбасылық жұп Мария мен Александр Пашкевичтер Юрий Визбордың әңдерін гитара әуеніне салып шырқаса, ал Талғат Исабаев мультфильм әндерінен попури орындап, тәлімгердің шығармашылық образын сомдап көрсете білді.
Кеш сонында көрермендер «Сөйлемді жалғастыр» ойыны мен «Мен де «Мицарды» сүйемін, себебі …» викториналық ойындарына қатысып силықтарға ие болды. Көңілді ән кеші қонақтардың көңілінен шықты.