Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі: слайд-дәріс
17 қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласының Ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне «Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» атты слайд-дәріс өткізді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. Елімізде 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланып, жыл-сайын аталып өтуде.
Дәріс барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық және жасөспірімдік шақтарынан қызықты ақпараттар беріліп, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған істеріне талдау жасалынып, халықаралық аренадағы ролі жайында айтылып өтті. Шара соңында «Елбасы жолы» атты деректі фильм және «Біздің Елбасы» тақырыбында презентация ұсынылды.