Өлкетанушы кітаптарын сыйға тартты
22 ақпан күні кітапханамыздың тұрақты пайдаланушысы, тарихшы, алаштанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мұратбек Мүфтиұлы Кенемолдин кітапханаға арнайы келіп, бірнеше кітаптарын сыйға тартты.
Өлкетану тақырыбында 40-қа жуық мақала жазған қаламгер, 1920-21 жылдардағы «Ақ жол» газетінің алаш зиялыларының өткір ойлары туралы «Ақ жол» көп томдық кітабымен қоса, өз қаламынан туған «Өнегелі өмір асулары», «Аңшы Жекен», «Қыран тағдыр» атты облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұлғалардың өнегелі өмірі туралы ғұмырнамалық кітаптарын тарту етті. Кітапханада өтетін танымдық шараларға қатысып, өзінің өлке туралы деректерімен бөлісіп отыратын Мұратбек Мүфтиұлына алдағы уақытта да қоғамның рухани талабын қанағаттандыратын жаңа туындыларыңызбен оқырман қауымын қуанта беріңіз деген ризашылық тілегімізді білдіреміз.