Дін – адамгершілік тірегі: көрме-толғау
2018 жылдың 27 ақпанында Абай атындағы кітапхананың оқу залы қызметкерлері оқырмандарға арнап «Дін – адамгершілік тірегі» атты тақырыпта көрме-толғау ұйымдастырды.
Көрмені ұсынудағы негізгі мақсат: дін туралы ақпарат беру арқылы өскелең ұрпақты мәдениеттілікке, кішіпейілділік пен адамгершілікке тәрбиелеу және қазіргі таңдағы діннің ахуалы жайлы ақпараттар беру болды.
Оқырмандар адамзат тарихындағы рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі – дін жайында өз білімдерін кеңейтіп, діннің адам өмірінен алатын орнынан мағлұмат беретін кітаптар мен мерзімді басылымдарға назар аударды. Оқырмандар «Құран Кәрім» кітабына, Қ. Сейітұлы «Пайғамбарлар тарихы», Қ. Бағашар «Ислам және өнеге» кітаптары мен араб тілінен 1907 жылы Г.С. Саблуковтың тәржімасымен аударылған «Құран» және «Библия» кітаптарына ерекше қызығушылық танытты.
Оқушылар мерзімді басылымдардан «Ислам әлемі» журналы, «Қазақ тарихы», «Наука и религия» журналдары, «Егемен Қазақстан», «Іslam nury» газеттері мен т.б басылымдарға көңіл бөліп, алған ақпартарына ризашылық білдірді.
Қала тұрғындарын әлемдік діндер, ислам діні және діннің адам өмірінде алатын орны жайындағы көрме-толғаумен танысуға шақырамыз.