Жай ғана өмір…: авторлық ән кеші
2018 жылдың 25 ақпаны күні, яғни әр айдың соңғы жексенбісінде Абай кітапханасында авторлық ән кеші ұйымдастырылады. Бұл кеш «Жай ғана өмір…» деп аталып, авторлық әндер орындалды. Әр адам өз өмір жолында көптеген жағдайларды бастан кешіріп, жаңа қарым-қатынастар бастайды: ғашық болады, табиғатқа тамсанады, ал мұның бәрі ән өнеріне әкеледі. Бүгінгі кеш те сол әндер туралы болмақ. Авторлар – тек шығармаларды шығарып қана қоймайды, сонымен қатар өз туындыларын өздері орындайды. Кеш көрермендері кеңестік кезең әртістерінің авторлық әндерімен танысып, қазіргі заманда танылып келе жатқан авторлардың әндерін де тыңдады. Клубтың жас сазгерлері ағылшын тілінде шетелдік әндерді орындады. Бұл жолы көрермендерге ерекше тосын сый жасалып, Клуб мүшелері алғаш рет Өскемендік әншілер: Евгения Мотовая, И.Ежова және Ольга Полторанина сынды қонақтарды қарсы алды. Олар жиналған қауым үшін халықтық стильдегі әндерді глюкофон аспабымен орындап, таңғажайып дауыстырымен көрермендерді тәнті қылды. Авторлық ән кеші әсіресе жастарға ерекше әсер етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар «Баста» тобының «Сансара» әнін орындап, мән-мағынасын түсіндірді. Әнді бұлайша түсіндіру ересек аудиторияға жаңа әндерді тыңдап, олардың мазмұнын аша түсуге мүмкіндік берді.