Ғылыми фантастиканың тарланы: саяхат-сабағы
28 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеттері бөлімі белгілі француз жазушысы, географ, ғылыми-фантастикалық роман жанрының негізін қалаушы Жюль Верннің туғанына 190 жыл толуына орай, «Ғылыми фантастиканың тарланы» атты саяхат-сабағын өткізді. Шараға қаламыздағы №31 ЖББО мектептің 7 «В» сынып оқушылары қатысып жазушының өмірі және шығармашылығымен, оның таңғаларлық оқиғаларға толы шартарапқа саяхаты, ғылыми жетістіктері, өнертапқыштығымен терең танысты. Кітапхана қызметкерлері жазушы өмірі, оның романдарының шығу тарихы жайлы қызықты мәліметтер айтып берді. Шараның өту барысында қатысушылар Жюль Верннің шығармашылығы жайында өз көзқарастарын ортаға салды, шығармаларын талқылады.
Мәдени шарада сонымен қатар слайд және «Невероятное путешествие Жюля Верна» атты деректі фильм көрсетілді. Фильм жазушының бірегей тума және атақты жазушы екенін баяндайды. Оның шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылыми жетістіктерімен үндесіп жатыр.
«Жюль Верннің көркемдік әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы жазушы шығармалары ұсынылып, шолу жасалынды.