Жанды кітапхана: әлеуметтік ойын
2018 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы кітапхана «Қазақстан жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Жанды кітапхана» іс- шарасын ұйымдастырды. Аталмыш іс- шара кітапханада осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. «Жанды кітапхана» әдеттегідей жұмыс атқарады: «оқырмандар» келеді, оқырман билетін алады, «кітап» таңдайды, белгілі бір уақытқа дейін осы кітаптарды оқиды, егер қаласа, басқа кітапты қайта таңдап ала алады. Бұндағы айырмашылық – «Жанды кітапхана» – бұл адамдар, ал оқу – бұл әңгімелесу болып табылады.
Қала тұрғындары мен студент жастар әдеттен тыс оқуға шақырылып, күтпеген кітаптар: Надежда Дубовицкая (спортшы), Александр Сухов (театр әртісі), Ольга Курбангалиева (жас ақын) болды. Әңгімелесу барысында «оқырмандар» «тірі кітаптармен» жете танысып, олардың фәлсапаларын терең тани білді. Олардың әрқайсысы өзінің өмір жолдарын әңгімелеп, бастан өткен қиын қыстау кезеңдерін естеріне алып, оны қалай жеңе білгендіктері жайын бөлісті. Бұл интерактивті сұхбат оқырмандарға өзіне өзгенің көзқарасымен қарауға және қоғамда қалыптасқан теріс ойлардан арылуға мүмкіндік берді.
«Жанды кітапхана» жобасы ең алғаш рет 2000 жылы Данияда бой көтерді. Бұл жоба – барлық мемлекеттерден өз қолдауын тапты. Жоба қазір халықаралық жоба болып табылады. Бұл жобаны Еуропа Кеңесі де ерекше қолдау үстінде. Бұл жобаға 200-ден астам ел қатысып, 300- ден астам іс- шаралар өткізіліп, «Кітапты мұқабасына қарап бағаламаңыз – оқыңыз!» деген халықаралық ұран тасталды. «Жанды кітапхана» жобасы Қазақстанда 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазіргі таңда жобаға 8 қала белсенді қатысады. Семей қаласында алғаш рет 2016 жылы «Қазақстан жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының бастамасымен Абай кітапханасында өткізілген еді, бүгінгі күні кітапхана қабырғасында бейресми, достық қарым-қатынаста өз жалғасын табуда.