Қай кітап қолымда?: дөңгелек үстел
Сәуір айының 3 күні Абай кітапханасында Семей қалалық жастар маслихатымен бірге «Қай кітап қолымда?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Түрлі техниканың дамып, қарыштап тұрған шағында жеңілдің астымен жүріп, машықтанған бұл адамзаттың келер ұрпақпен сабақтастығы қалай өрбімек? Осыны аңғарған жастардың дені бүгінде кітап оқуға бас қойған.
Жоғарыда аталған дөңгелек үстелге қатысушылардың көп бөлігі кітап оқитындардың қатарында екендіктерін өз сөздерінен, оқыған баяндамаларынан аңғартты. Семей қалалық жастар маслихатының депутаттары Досмухамбетова Еркежан мен Мұқанова Лунара өздері сүйіп оқитын ақын-жазушылардың шығармаларына тоқталып, жастар арасында әдеби шығармаларды насихаттау жайлы бірқатар ұсыныстар айтты.
Жиында кітапхана қызметкерлері кітапхананың оқуды насихаттау мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстары, жастардың көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын ашу, қызығушылығын ояту жолдары жайлы айтып, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды.
Осылайша, ортаға тасталған оймен, ұсыныстарды талқылау арқылы, жастарға тосын да қызықты мә¬ліметтер мен керекті ке¬ңестер берілді.