Рухани жаңғыру: Latyn – құнды мұра: ретро-көрме
16 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласындағы заманында Абай Құнанбайұлы оқырманы болған тарихи облыстық Абай атындағы кітапханасы сирек басылымдарының алтын қорымен шалғайдағы оқырмандар қауымын таныстыруға Новая Шульба елді мекеніне іс-сапарға шықты.
Бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырған латын әліпбиі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрініс тауып, мақсаты айқындалып, халықтың назарына ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері сирек қорында күні бүгінге дейін сақталып келген 1929-1940 жылдары латын қарпімен қазақ тілінде жарық көрген басылымдарды таныстыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесіп, еліміздегі өзекті мәселе болып отырған латын қарпіне көшудің маңыздылығы жайлы ақпарат беріп, қорындағы латын қарпінде баспа көрген сирек басылымдардан жасақталған «Рухани жаңғыру: Latyn-құнды мұра»- тақырыбында сирек кітаптар көрмесін ұсынды.
Ауыл тұрғындары көрмеден орын алған 50 ден аса, ғылымның барлық салаларын қамтыйтын латын графикасындағы кітаптармен танысты. Көрмеден орын алған «Химия», «Алгебра», «Биология» сынды мектеп оқулықтарымен қоса 1936,1939 жылдары жарық көрген Абай Құнанбаевтың, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің тағы да басқа қазақ зиялыларының шығармалары шара қонақтарының қызығушылығына ие болды.
Кітапхана қызметкерлері ауыл тұрғындарына слайд-көрсетілімін ұсынып, барлығы 13 кітапты құрайтын латын қарпіндегі QR – кітап сөресімен таңыстырып, пайдаланушылардың смартфондары мен планшеттеріне электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдарын көрсетті.
Көрмеге В.Комаров атындағы ОМ 6-11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары Азанхан Муратбек, Молдажанова Кулшира, Токашев Шалқар қатысып, көненің көзі болып осы күнге жеткен басылымдарға қызыға қарап, таңданыстарын білдірді.
Шара соныңда әріптестеріміз Ново Шульба тұрғындарын кітапханамыздың сайтындағы мол ақпараттармен (semeylib.kz) таныстырып, Алаш үкіметінің 100 жылдағына арнайы құрылған «Алаш» электрондық кітапханасының қорындағы Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық қызметіне және шығармашылығына байланысты құнды құжаттарды назарларына ұсынды.