Рухани жаңғыру: Latyn- құнды мұра: ретро-көрме
2018 жылдын 16 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жезкент елді мекенінде, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының сирек қорындағы ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Латын қарпіндегі сирек басылымдар» көрмесі поселок тұрғындарының назарларына ұсынылып, қызығушылығына ие болды.
Кітапхана қызметкерлері көрмеден орын алған кітапханамыздың сирек қорындағы 1929-1940 жылдардағы латын графикасындағы кітаптармен, олардың авторлары мен мазмұнына байланысты қызықты ақпараттармен таңыстырып өтті. Латын қарпіндегі сирек кітаптар көрмесінен ғылымның барлық саласынан қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері қойылды. Ғылым салаларындағы әдебиеттер Қ.Басымұлының, Қ.Жұбановтың, Т.Шонановтың, Ұ.Құлымбетовтың, Т.Арыстанбековтың, А.Маметовтың, А.Сейітовтың, Ә.Ермековтың, Х.Есенбайұлының, М.Әуезовтың еңбектерімен көрініс тапты.
Сонымен қоса, кітапхана қызметкерлері шара қоңақтарына латын қапіндегі кітаптарды QR-код арқылы өздерінің смартфондары мен планшеттеріне электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдарын көрсетіп, Жезкент тұрғындарының ризашылығына ие болды. Кезіңде мұғалім болған зейнеткер, біздің кітапханамыздың байырғы оқырмандары Валентина Кузьмичнина және Екатерина Александровна осындай мәңді де мағыналы кітап көрмесі үшін рахметтерің айтып, болашақтада осындай көремемен келіп тұруымызды өтінді.