Ұмытылуға лайықсыз мұралар: ретро көрме
Жазылғанына талай жылдар уақыт өтсе де оқырман назарынан тыс қалмаған көркемдік құндылығы жоғары кітаптар бар. Бұл кітаптар қазіргі оқырмандар қызыға оқитын өткен жылдардың нағыз бестселлерлері. Осы мақсатта 20 сәуір күні – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күнінің қарсанында «Ұмытылуға лайықсыз мұралар» атты ретро көрме ұйымдастырылды.
Оқырмандарға қазақстандық, орыс, шетел және ТМД елдерінің жазушыларының шығармалары ұсынылды. З. Шүкіровтің «Отты өткелдер», Ә.Ақбаевтың «Қара боран», Ә.Жылқышиевтің «Өмір жыры», Ғ.Қайырбековтің «Жел қайық», П. Неруданың «Местожительство – Земля», Ш. Айтматовтың «Плаха», Д. Граниннің «Картина», В. Солоухинның «Время собирать камни» және басқа да көптеген жөнсіз ұмытылған шығармалар көрмеден орын алды. Осы шығармалардың әрқайсысы өз кезеңінің әдеби өмірінің оқиғасы болып табылады.