Терроризм – бейбітшілікке қауіп төндіреді: ақпараттық сағат
2018 жылы 20 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Терроризм – бейбітшілікке қауіп төндіреді» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға қаламыздағы «Радиотехника және байланыс» колледжінің студенттері қатысты. Шараға кіріспе ретінде көрермендер үшін Бесландағы террорлық әрекеттер жарияланған бейнежазбалар ұсынылды.
Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм болып табылады.
Ақпараттық сағаттың мақсаты: студенттерге лаңкестік пен оның көріністерін түсіндіру, оларға лаңкестердің құрбаны болу ықтималдығын төмендететін алдын алу шараларын түсіндіру, террористік акт кезіндегі қауіп-қатер туралы ережелерді үйрету.
Аталмыш іс-шара барысында терроризмнің анықтамаларын ғана емес, сондай-ақ әлемдегі экстремистік ұйымдардың лаңкестік актілерінің ауыр салдары туралы да ой қозғалды. Сондай-ақ, лаңкестіктің проблемалары, жастарды діни тәрбиеге шақыру мәселелері талқыланды. Іс-шара жастардың отансүйгіштік сезімін дамытуға, туған жерге деген құрметтерінің артуына ықпал етті.
Террористік қауіп-қатерлерге қатысты ережелер бойынша жадынама дайындалып, қатысушыларға таратылды.
Іс- шараны қорытындылау мақсатында жастарды әңгімеге тартып, сауалнамаларға жауап алынып, белсенді қатысушыларға кітапхана атынан сыйлықтар таратылды.