Жеке тұлғаның өсуі және ынталандыру: тренинг
2018 жылдың 19 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында «Тұлғалық өсу» жастар клубының ұйымдастыруымен «Жеке тұлғаның өсуі және ынталандыру» атты тренинг өткізілді. Тренингті жас және табысты кәсіпкер, спикерЕркежан Тұрсынбаева жүргізді. Жас кәсіпкер көлік жуу желісі мен ланч-бар ашып, интеллектуалдық бизнесті дамытуда көп істер атқаруда. Еркежан осындай жетістікке жету үшін жасаған еңбектері жайлы айтып, шараға қатысушы жастармен өз ойларымен бөлісті. Нәзік жанды әйелге бұндай жетістікке жету оңай болған жоқ, үш жыл әскери қызмет істеді, қазір запастағы сержант шеніңде, мемлекеттік қызмет жасап барып, өзінің жеке кәсібің ашты. Жас кәсіпкер тренингте негізгі акцентті адам өзіне-өзі тұлғалық ынталандыру жасай отырып, қалыптастыру керек екенің айтты. Тұлғалық ынталандыру – бұл адамды бақытты және толыққанды өмірге жетелейді. Спикердің айтуынша статистика бойынша адамдардың тек 2% ғана өз әлеуетің дұрыс пайдалана алады екен, сондықтанда көбі өз ісін ашқан кезде сәтсіздіктерге ұшырап жатады. Осындай жағдайда тұлға өзін-өзі дұрыс ынталандыра білуі керек. Еркежанды өз іс-тәжірибесімен бөлісуге Алматы қаласында өткен Халықаралық бизнес мектебінің ұйымдастыруымен өткен SYNERGY GLOBAL форумына қатысуы итермелеген екен. Осы форумда кәсіпкер таңымал ынталандыру саласының шешені Ник Вуйчичпен, профессор, экономика кітабы мен “Бизнес в стиле фанк” манифестінің авторы Кьелли Нордстремом, “Дене қозғалысының тілі”мультибестселлерінің авторы Аллан Пизоммен таңысқаны миллиондаған форумға қатысушыларды шабыттандырғаның айтып берді.
Тренинг ойын түрінде өтіп, жастар өздерінің тұлға ретіңде дамуына тәжрибе ала алды. Шараны конфеттиден салют шашылып, сол қоқысты топтық жұмыс қағидасы бойынша жинап алғандағы қағаздағы қоқыс жүрек пішініңде шығып, барлық қатысушылар осыдан өздеріне оң қуат алып тарасты.