Ұлы Жеңіс: ерлік елге – мұра, ұрпаққа – ұран!: кең көлемді экспозициялық көрме
Абай кітапханасының ұйымдастыруымен 4 мамыр күні Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс: ерлік елге – мұра, ұрпаққа – ұран!:» атты кең көлемді экспозициялық кітап көрмесі өтті. Аталмыш іс-шараны соғыс және тыл ардагерлері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері атынан өкілдері тамашалады. Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы, әкімнің орынбасары Шарова Надежда Васильевна және әкімшіліктің бөлім басшылары көрменің сыйлы қонағы болды.
Қонақтар Брест қорғаны туралы кітаптар мен Ұлы Отан соғысы кезінде шыққан мерзімді басылымдарға ерекше назар аударды. Семейлік – Кеңес Одағының Батырлары және соғыс жылдарындағы әндер бөлімдері де назардан тыс қалмады, әндер тек қағаз бетіндегі нұсқасымен ғана емес грампластинкаларда түрінде де көрмеден орын алды. Қала әкімі Е.Б. Ерсәлімов көрмеде қызықты және мағыналы материалдардың болғанына ризашылығын білдірді.