Интернет орталығы

2002 жылы кітапхана АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Мәдениет және Білім беру ісі жөніндегі Бюросымен қаржыландырылып, Айрекс (АҚШ) ұйымының IATP бағдарламасы бойынша ғаламтор орталығы пайдаланушыларға қызмет етті. Интернет орталығында қала жұртшылығы үшін Интернетті пайдалануды оқыту курстары, түрлі тренинг, семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.

2005 жылдан бастап Интернет орталығының жұмысы тұрақты даму қызметіне көшірілді.

2006-2007 жылдары Интернет орталығы жеңіп алған гранттар арқылы кітапханаға жаңа компьютерлік технологиялар бөлінді.

Бағдарламаның мақсаты – өзінің төрт бағытын басшылыққа ала отырып жалпы жұртшылықты Интернеттің негізімен таныстырады: Интернет кеңістігіне тегін ену, оқыту курс, кеңестерде үйрету, веб хабарлар кеңістігін кеңейту, белсенділік, яғни Интернет технологиясының маңызын түсінуге ықпал етеді.

Семей қаласының Интернет орталығы оқыту, әр сала, әр тақырып бойынша түрлі тренинг, семинар-кеңестер ұйымдастырады:

  • Компьютер негіздерін меңгеру
  • MS Word бағдарламасы
  • MS PowerPoint негіздері
  • Интернет және электронды пошта
  • Adobe Photoshop графикалық редакторы
  • Веб-дизайн негіздерін меңгеру.

Байланысшы: Ивлева Любовь Валерьевна

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-01-44

e-mail: avtsemey@yandex.kz