Көне кітаптарды түптеу құпиялары: интерактивті сабақ-дәріс
7 қазан күні Абай атындағы кітапхана маманы КМУ №25 орта мектептің 9 «Б» сынып оқушыларына «Көне кітаптарды түптеу құпиялары» атты интерактивті сабақ-дәріс өткізді. Шара мектеп оқушыларының «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік жобасына қатысуы үшін дайындау барысында өткізілді. Оқушылар мен жетекшілері Анапьянова Шолпан Қабышевнаның бірлесіп әзірлеп жатқан мектеп жобасының тақырыбы «Кітап мәдениет әлемін ашады» деп аталады.
Дәріс барысында кітапханашы кітаптың сан ғасырлар бойғы қоғамдағы рөліне тоқталды. Ақпараттық құндылықтың үлгісі ретінде Абай атындағы кітапхананың сирек қорындағы кітаптардың тұсауы кесілді, олардың кейбірінің жасы 200 жылдай. Кітапхана маманы 18-20 ғасыр басындағы кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасады. Шара барысында кітапханашы Семейде алғашқы кітапханалардың ашылуы, саяси жер аударылғандардың қаланың мәдени өмірінің дамуына қосқан үлесі, Абай оқыған кітаптары туралы айтып, латын қарпіндегі басылымдармен таныстырды (30-40 жыл 20 ғасыр). Бұл бүгінде көрнекті қаламгерге, ғылым қайраткеріне айналған қазақ зиялыларының көркем шығармалары, танымдық кітаптары мен аудармалары. Олардың көпшілігі Алаш Орда қозғалысының мүшелері болды. Сондай-ақ, оқушылар Батыс-Сібір орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі шығарған өлкетану басылымдарымен танысты. Кітапхана мамандары осы дереккөздерді зерттей келе, ақын Абай туралы өмірбаяндық деректерін кеңейтіп, оның Статистика комитетінің мүшесі және қаламыздағы бастауыш білім беру қоғамының мүшесі болғанын растады. Оқушылар Ә. Бөкейхановтың алғашқы абайтанушы екенін, Абайдың алғашқы өмірі мен шығармашылығымен таныстырған қазанаманы Семей бөлімшесінің «Запискилерінде» жазғанын білді. Балалар ұлы Абайдың қандай кітаптар мен мерзімді басылымдар арқылы білім алғаны туралы, түрлі халықтардың мәдениетін кітап арқылы қабылдап, өз халқына жеткізгендігі тіралы түсінік алды.
Іс-шара интерактивті тақта арқылы презентациямен сүйемелденді.