«Талантыңмен тамсанам»: қолөнер шеберлерінің көрмесі
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастырған «Kitap Time – 2024» ІIІ жалпы республикалық кітап фестивалінде ұсынылған қолөнер шеберлерінің туындылары қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі киіз басу, алаша тоқу т.б. өнерін дамытып, насихаттап жүрген Боқпасарова Айман Ибраевнаның «Матай елі сырмағы» сувенир, «Қара ала сырмақ», «Қара ала сырмақ» сувенир мех, «Қара текемет», қолмен тоқылған «Терме алаша» еңбегі көрмеден орын алды.
Темір, тері, музыкалық аспаптар шебері Сәкен Назарханұлының қолынан туындаған қазақтың домбырасы, ағашқа керілген тері пано петроглифтер: холост материалға шығарылған Абай, Мұхтар, Шәкәрім фото суреттері, гипстен жасалған шағын суреттері көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Қолөнер шебері Назгүл Жеңісқызының «Асығың алшысынан түссін», «Асық», «Қыран бүркіт», қазақ қызының «Сәукелесі», «Теңге», «Ат», «Торсық», «Түйе» т.б. гипстан жасалған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынылды.
Дәстүрлі тері бұйымдарының зергері Жармақ Мұқажановтың күмістен жасалған әшекей бұйымдары: «Сырға, сақина, алқа» топтамалары, асыл тастармен көмкерілген сақиналары, көк бөрі бейнеленген «Көздік», асыл тастардың бетіне ыстық эмаль жағылып, ыстық температураға күйдіріліп әрленген «Мүк агаты» тастарынан жасалған әртүрлі сувенирлері көпшіліктің көңілінен шықты.
Этно бұйымдарды тігу шебері Арайлым Мәулімғазықызының қолынан туындаған қазақтың этно жастықшалары, тақиялары, шоперлері, сөмкелері», тұмарлары», қалташалары, қуыршақтары жас қатысушылардың назарын аудартты.
Сонымен қатар, Н.П. Жукованың керамикалық бұйымдардан жасалған кулондары мен ыдыстары, Е. Титованың қолдан жасалған сабын және шамдары, лолипоптары, Г. Шарипованың ағаштан жасалған оюлары, магниттері, күнтізбелері, астаулары сынды бұйымдары, Д. Мартынованың садақтары, шаш қыстырғыштары мен шаш түйреуіштері сынды шашты безендіру құралдары сынды сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды.