Жемқорлықсыз болашақ: кітап көрмесі
29 сәуір күні Абай кітапханасында «Жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Қайнар Жоғары колледжінің студенттері қатысып, белсенділік танытты.
Көрмені таныстыру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, оның қоғамға тигізетін зияны, Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністері мен онымен күреске бағытталған мемлекеттік саясат жөнінде мағлұмат берілді. Сондай-ақ, еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған заңнамалар мен құқықтық актілерге де тоқталынды.
Көрмеге аталған тақырыпқа қатысты мазмұнды, ғылыми және құқықтық әдебиеттер қойылды. Атап айтқанда, оқырмандар назарына келесі еңбектер ұсынылды: «Борьба с коррупцией», И. Борчашвилидің «Коррупционные преступления: закон, теория, практика», Б. Жетписбаеваның «Стратегия борьбы с коррупцией», «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы», Л. Бисенгали «Основные вопросы противодействия коррупций», Е. Алаухановтың «Антикоррупционная правовая политика» және «Борьба с коррупцией. Коррупционные преступления: закон, теория и практика», сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері», «ҚР Қылмыстық кодексіне түсіндірме», «Комментарий к Уголовному кодексу РК» сынды кітаптар мен заңнамалық құжаттар.
Кітапхана қызметкерлері студенттерге сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының салдары мен заң алдындағы жауапкершілік жайлы түсінік берді. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу жолдары, қоғамдағы адалдық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде ақпаратпен бөлісті. Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталды.