Көктемгі мейірімділік аптасы: акция
2016 жылдың 30 наурызы күні Абай атындағы кітапхана жыл сайынғы мейірімділік аптасының ашылу салтанатына қатысып қайтты.
Бұл шара қалалық Орталық саябақта ұйымдастырылды. Игі шара «Исток», «Центр семьи» ҚБ, ЖОО және колледждердің еріктілер топтарының белсенді түрде қатысуымен өткізілді. Қала тұрғындарына концерттік бағдарлама дайындалып, ауыр дертке шалдыққан балаларға, атап айтқанда Сарсенова Даниярға, емдік шараларына қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы жәшіктер қойылды. Сонымен қатар, арнайы сұхбат алаңдары саябақ демалушыларына өз қызметтерін ұсынды. Бұл жерде медицина, экология, заң саласы мамандары қала тұрғындарына көкейкесті мәселелер бойынша кеңестер берді. Мейірімділік аптасы қаламыздағы балалар үйі мен бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейтін мекемелерде жалғасын таппақ. Бұл игі бастамаға кез келген адам өз үлесін қоса алады, еріктілер қатарына қосылам десеңіз, келіңіз, хабарласыңыз, көмектесіңіз.