Бірге кітап оқимыз, кино және спектакль көреміз: әдеби кинозал
29 сәуір күні Абай кітапханасында жастарды әңгіме кітап оқудағы сөйлеу мәдениеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған әдеби кинозал клубының ашылуы өтті.
Клуб кітапқұмар жастардың кітапқа деген шығармашылық жан дүниесін біріктіреді. Клуб мүшелері өз құрбыларына кітап оқу, фильм мен спектакль көру арқылы өз мінез-құлықтарын қалыптастыруда әдебиеттің көркемдігі мен маңыздылығы жайлы әңгімелеп, көрген спектакльдері мен кинолары туралы өз ойларын ортаға салады. Клуб өз жұмысын 19 ғасырдың оқиғасын қамтыған неміс «Возрождение» орталығының бірлесуімен «Глюк» жастар театры студиясының орындауындағы Антон Павлович Чеховтың «Каштанка» спектаклімен ашты. Қойылымды жылы лебізбен көрген қатысушы жастар 19 ғасырда жазылған шығарма тақырыбы бүгінгі күні де өзекті оқиға екендігін растады. Спектакль соңында театр меңгерушісі Инна Семененко қатысушыларға алғысын білдірді.
Клубқа келушілер қатары уақыт өткен сайын өз ойын ортаға сала алатын пікірлестермен көбейе береді деген ойдамыз. А.П.Чеховтың сөзімен айтсақ, «Адамда барлығы да әдемі болуы керек: жаны да, бет әлпеті де, ойы да, киімі де». Барлығымыз да бірге ойлайық, клубқа мүше болуға шақырамыз!