2009 жыл
Абай атындағы әмбебап кітапхананың тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кітапханада Абай ағамыз оқушы болған. ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының ізі, қолтаңбасы бар. Мен өзім бұл кітапханаға 1959 жылдан оқушы болып, Ертістің аржағында тұрғанда трудовой поезбен келіп, неше сағаттар отырып, ескі газеттер, кітаптар оқып, солардың кейбірінен Қ.И. Сәтбаевтың ізін шалдым.
Бір жолы С.Сәдуақасовтың Казкрайкомның бір пленумының И.Голощекиннің ірі байларды тәркілеуге қарсы шыққан сөзін оқып (бір брошюра түрінде басылған) таң қалған едім. Кітапхана қызметкерлері өзінің тарихы үлкен ұжымға қатысушы екенін ұмытпай қызмет істеуге тиіс.
Сіздерге осындай қызметті аманат етемін. Әлі де оқушымын.
М.Сәрсеке, 27 наурыз 2009 ж.