«Силикат» зауыты
h25    «Силикат» зауыты 1958 жылы іске қосылды. Шығаратын өнімдері силикат кірпіш, қаптамалы түсті кірпіш, сәндік бетон плитка, құрылыстық әк, бөлшектеніп өлшенген әк, құрылыстық құм. 1959 жылы әк құйдіретін 4 уақытша пеш салынды. 1965 жылы тәулігіне қуаты 50 тоннадан әк өндіретін механикаландырылған 2 шахталық әк күйдіргіш пайдалануға берілді. 1972 жылы жүргізілген реконструкция нәтижесінде зауттың жылдық қуаты 160 млн. дана кірпіш, әк өндіру 65 мың тоннаға жетті.

1993 жылы наурыз айынан «Силикат» АҚ акционерлік қоғамы өнімдерінің ең негізгі тұтынушысы Астана қаласы болып отыр. Өнеркәсіптік, азаматтық тұрғын үй-жайлар болмаса, әлеуметтік-мәдени объектілерді тұрғызу барысында «Силикат» заводының силикат кірпіштері, плиткалар және кәдімгі аппақ әктің жұмсалмайтын жері жоқ шығар. «Силикат» ААҚ-ы бұдан басқа да құрылысқа керекті құм түрлерін, ерітінді даындайтын өнімдер, сондай-ақ халық тұтынатын шаруашылыққа қажетті қара түсті металл бұйымдарын және силикат бетоннан жасалған тротуар плиткаларын шығарады. Аталмыш өнімдерді Қазақстанның барлық облыстары мен Семей өңірімен шекаралас Ресей Федерациясының аудандары тұтынады, әрі жоғары сұранымға ие болып отыр. Мысалы, 2001 жылы тауар өндіруден 300 млн. теңгеден астам жылдық өнім көлемі шыққан. Ал, қызыл, ақ және түрлі формадағы силикат кірпіштер өндіруді 50 млн. данаға жеткізіп, жоғары жетістіктерге ие болған екен. Сондай-ақ барлығы 36 мың тонна әк шығарылған. Оның ішінде құрлысқа арналғаны 10 мың тонна. «Силикат» ААҚ-ы құм өндіруде де отандық өндірістің алдында тұр.

«Силикат» зауытының ең басты өнімі – кірпіш. Суықбұлақ жерінен әк тастары әкелініп, зауыттың жекеменшік механикаландырылған пештеріне өңделуден өтеді.

Кеңестер Отағының шалғайынан тапсырыстар көптеген түсе бастады. Соңғы он жылдың әр жылында 100 млн. дана кірпіш шығарылып келеді. Зауытта 400 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын республикалық және халықаралық көрмелерге тұрақты қатысып келеді. Бірнеше мәрте сапалы өнімі үшін халықаралық жүлдеге ие болды. Алдағы уақытта завод өнім шығару көлемін ұлғайтуды және жұмыс орнын өсіруді мақсат етіп отыр.

Әдебиеттер:

Қасымжанұлы, С. Біздің құрылыс – біздің қаланың көркі: сенімге ие ”Силикат” Семейдің ”Сәулесі” // Ертіс өңірі . – 2010. – 4 тамыз. -4 б.
Нұғманбекова Р. «Силикат» – құрылыстың іргетасы // Дидар. – 2002. – 22 маусым. – 2 б..

Семей арақ заводы

Әрбір өндірістік кәсіпорынның құрылып, қалыптасу кезеңі, өз тарихы болады. Бұл заводтың тарихы да 19 ғасырдың аяғына қарай, 1882 жылы П.Плещеев деген жергілікті көпестің ұйымдастырған арақ-шарап өндірісінен басталады. Ол сол кездегі бүкіл Шығыс өңірін, Орта Азия өлкесін ішімдіктің көп түрімен қамтамасыз етіп келген ірі кәсіпорын болған. «Ерофеевич», «Перцовка», «Зубровка», «Перцова», «Қызылгүл» тұнбалары шығарыла бастады. Жоғарыда аталған сапалы ішімдік түрлерінен өзге «Посольская», «Золотое кольцо», «Старорусская» арақ түрлерін «Қазақстандық» бальзамын, «Ертіс» тұнбасын шығарады.

Әдебиеттер:

Ғалымбекқызы, Ш. Қала басшысы – ”Силикат” ЖШС-де // Ертіс өңірі . – 2012. – 11 қаңтар. -3.
Байсақов Е. «Еліміз жүдемесін, жеріміз жұтамаса екен деймін» // Семей таңы. – 1999. – 26 тамыз. –4 б.