КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пайдаланушылар құқығы:
1. Басылымдарды және басқа материалдарды 15 күндік мерзімге үйге алуға, кітапханаға келу, телефон шалу арқылы және кітапхана сайты арқылы 2 рет ұзартуға;
2. Құжаттарды электронды жеткізу қызметі (ЭДД) арқылы өзге кітапханалардан құжаттардың көшірмесін алуға;
3. Құжаттарды ақпарат тасымалдағыштардың кез-келген түріне көшіруге (ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар Заңына сәйкес);
4. Кітапхана қорлары, құжаттары жайында толық мәлімет алып, ақпарат іздеп, таңдауда кеңесші көмегін пайдалануға;
5. Кітапхана қорынан кез-келген құжатты уақытша ақысыз пайдалануға;
6. Кітапханада өтетін іс-шараларға қатысуға және кітапхана жанынан құрылған клубтар мен үйірмелердің мүшесі болуға және өз таланты мен шеберлігін шыңдауға;
7. Кітапханашы мамандардың рұқсатымен өзіне қажетті құрал-жабдықтарды: ноутбуктерді, жеке қалта компьютерлерін, өз кітаптары мен газет-журналдарын пайдалануға;
8. Даулы жағдайларда кітапхана әкімшілігіне оқырман билетін көрсете отырып, жазбаша түрде өтініш, шағым түсіруге.
Пайдаланушылар міндетті:
1. Кітапхананы пайдалану Ережелерін орындап, жұмыс тәртібін бұзбауға;
2. Кітапхана қорларын мұқият пайдаланып, кітаптарды белгіленген мерзімінде кітапханаға өткізуге;
3. Азаматтар кітапханаға жазылу үшін төл құжаты мен тұрғылықты жерінен анықтама әкелуге, жазылғаннан кейін тегі мен мекен-жайы ауысқан жағдайда хабарлауға (жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залдарында жұмыс істеуге);
4. Ақпарат тасымалдағыштарды кітапханашының компьютерінде міндетті түрде вирустың бар-жоқтығына тексеруге;
5. Кітапхана бөлімдерінде қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға және өзге пайдаланушылар құқығын құрметтеп, кітапхана жиһазы мен құрал-жабдығын ұқыпты пайдалануға;
6. Берілген басылымдарда, компьютерлік құрал-жабдықтарда ақау болған жағдайда кітапханашы мамандарға хабарлауға, компьютердің кез-келген ақпараттық және бағдарламалық конфигурациясына өзгеріс енгізбеуге;
7. Ұялы телефонды дыбыссыз режимге қоюға және оқу залдарында ұялы байланысты қолданбауға;
8. Кітапхананы пайдалану Ережесін бұзған жағдайда айыппұл төлеуге немесе кітапхананы пайдалану құқығынан айырылуға.
Кітапхананың кітап қоры – ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі, оны сақтау әр азаматтың парызы.