14

1947 жылы 3 қаңтарда Ресей, Горьков облысы, Первомайск ауданы, Пески селосында дүниеге келген. 1962 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласына көшіп келеді.  1966 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1970 жылы В.И. Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпы әскерлік командалық училищесін бітіреді. Москва қаласындағы М.В. Фрунзе атындағы Әскери Академияда оқуын жалғастырады. 1986 жылы сәуір айында Ауғанстанға жіберіледі.

1986 жылы 29 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Қарағанды облысы, Қарағанды – Сортировочная  станциясында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз және  Қызыл Ту ордендерімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).     

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 404 б.