Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада 2018 жылдың 14 маусым күні Білім орталығы ашылды.

Мақсаты: мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында жастарға арналған нақты кеңістік – семинар, конференция, іскерлік кездесу, ғылым жолындағы жастарды шоғырландыру, еркін түрлi шығармашылық жұмыспен айналысуларына мүмкiндiк туғызу.

Міндеттері:

– оқырмандардың интернет желісі арқылы жасаған сұраныстарын қанағаттандыру;

–  ақпараттық–технологиялардың толық түрде пайдаланылуына жағдай туғызу;

– өткізілетін іс-шараларға (семинар, конференция, байқаулар т.б.) ат салысу.

Қызмет ету миссиясы: келген пайдаланушыға  өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру, өзін-өзі дамыту мен тіршілік әрекеті қасиеттерін дамытуға  бағыттау, жедел интернет қызметтерін ұсыну.

Білім орталығы әр түрлі жұмыс аймағына бөлінген:

– Медиа бөлігі.

– Семинар, тренинг, іс-шаралар өткізу залы.

– Ойын алаңы.

Білім орталығы  – бұл тек жұмыс істеу орны ғана емес, демалыс пен шығармашылық жұмыс жасау кеңістігі.