Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхананың алтын қорын XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жарияланған сирек кездесетін басылымдар қоры құрайды:
Витрувий Полоний. Архитектура.- Санкт-Петербург, 1790;
Херасков М. Эпические творения. Ч.1; Ч.2.-Москва, 1786; 1787;
Источник образования или Пантеон наук: Справочная настольная книга для всех классов общества.- Санкт-Петербург, 1874;
Құран. Қалем Шаріп.- Қазан-Санкт-Петербург, 1882;
Талмуд. Мишна и Тосефта.- /Кр. Пер. Н.Переферковича.Т.1. (Кн. 1 и 2).- Санкт-Петербург: Изд. П.П.Сойкина, 1899;
Еврейская энциклопедия: Свод знаний о еврействе и его культуры в прошлом и настоящем. /Под общ. ред. д-ра Л.Каценельсона и барона Д.Г.Гинцбурга. Т 8.- Санкт-Петербург: Изд. Брокгауз-Ефрон;
Россия. Полное географическое описание нашего отечества: Настольная и дорожная книга для русских людей. /Под ред. В.П.Семенова и под общ. рук. П.П.Семенова и проф. В.И.Ламанского. Т.1.- Санкт-Петербург: Изд. А.Ф.Девриена,1899;
Алекторов А.Е. Русско-киргизская азбука.- Омск, 1914.
Кітапхананың сирек қоры әлем әдебиетінің жауһары – Гомердің адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан «Илиадасынан» /1829/ тұрады. Даналық кітабына айналған Гомердің жыр-жауһарын аударуға көрнекті орыс ақыны Н.Гнедич 20 жылдан аса уақытын жұмсаған. А.С.Пушкин Гомер шығармасының орыс тіліне аударылуын:
Слышу умолкнувший звук божественной эллинской речи;
Старца великого тень чую смущенной душой – деген жыр жолдарымен қарсы алған.
Кітапхана сирек қорындағы ең көне кітаптар орыс классицизмінің өкілі Михаил Херасковтың 2 томдық эпикалық поэмалар жинағы.
Херасков шығармаларының ішінде ең маңыздысы болып есептелетін «Россияда» /т.1/ эпикалық поэмасына өзек болған тақырып IV Иванның Қазан хандығын жаулап алуы, кітап 1876 жылы Мәскеу Университеті баспасынан шыққан. Кітаптың екінші томына «Владимир» /1787/ эпикалық поэмасы енген.
Келесі көне кітаптың бірі – Архитектура Витрувия Полония. /1790/.Спб.
Витрувий Полоний б.э.д. 1 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Рим архитекторы. Витрувий шығармасының маңызы оның архитектураның техникалық, көркемдік, эстетикалық шешімдерінің бірлігін, ғимараттың «мықты, пайдалы, көркем» болу талаптарын қоюы. Ұмытылғандай болған Витрувийдің антикалық архитектуралық трактаты XV ғасырдан бастап қайта зерттеліп, әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, XVII – XVIII ғғ. Батыс Еуропа сәулет өнерінде маңызды орын алды. Біздің қорда сақталып отырған басылым француз тілінен аударылған.
1899 жылы «Товарищество М.О.Вольф» баспасынан шыққан көптомды «Живописная Россия» алып Ресей империясына қарасты халықтар тарихынан мол мағлұмат берер басылым.
Басылымның ерекше құндылығы біздің елімізге байланысты бағалы мәліметтерімен арта түсіп отыр. Н.В.Латкиннің «Внутренняя или Букеевская орда» очеркі бай мазмұнымен қатар көркемдеуші суреттерімен XIX ғасырдағы қазақ өміріне жарық сәуле түсіріп, шынайы бейнелейді. Басылымның 7-ші томына енген очерк 4 тарихи фотосуреттермен: «Киргизскій ханъ съ женою»; «Киргизъ»; «Женщина-киргизка»; «Киргизы и ихъ верблюды» көркемделген.
Кітапхана ұйымдастырылған кезден сақталып отырған басылымдар кемеңгер ақын Абай үшін ғылым-білім нәрімен сусындатқан рухани қазына қоры бола білді.
Әлемдік энциклопедияға айналып, жұртшылықты татулыққа, достыққа, ізгілікке шақыратын «Құран» Қазан: Спб. /1881/- 30 бөлек түптелген құран сүрелерінен тұрады.
Орыс әдебиетінің алтын ғасыры XIX – А.С.Пушкин, Ю.М.Лермонтов, Е.А.Баратынский, К.Д.Бальмонт, Д.В.Давыдов, М.Е.Салтыков-Щедрин, И.С.Тургенев, И.А.Бунин, В.И.Даль, сонымен бірге, Л.Н.Толстой, В.А.Жуковскийдің көзі тірісінде жария көрген шығармаларымен бай. Батыс классикалық әдебиеті лорд Байрон, Шиллер, Гете туындыларымен бағалы.
Г.Спенсердің «Основания психологии»/1876/, Дж.Г.Льюистің «История философии» /1897/; «Сочинения Платона» /1863/; В.Уэвелдің «История индуктивных наук» /1867/, Милдің «Система логики» /ж.б-сіз/; А.Уоллэстің «Дарвинизм» /1893/ – Абай үшін де, одан кейін тарих сахнасына шыққан қазақ зиялылары үшін де таным баспалдақтары болды.
Оқыңыз қызық!
Кітап адамзат қоғамымен бірге дамып келе жатқан рухани қазына. Кітаптар қазір біз көріп жүрген үйреншікті формаға, түрге жеткенге дейін үлкен тарихи даму жолынан өткен. Кітаптардың да қилы тарихы, тағдыры бар. Біздің кітапханамыздың сирек басылымдар қорындағы бүгінгі күні антиквариатқа айналып отырған ерекше сипатты басылымдармен сіздерді таныстырып өтейік.
Антиквар кітаптар әлемінде жиһанкездер мен теңізшілердің естеліктері, жолжазбалар мен очерктерден тұратын география мен саяхаттарға арналған басылымдардың ерекше бөлімі бар. Маман кітап сарапшылары ең әдемі, қымбат басылымдар XIX-XX ғасырлар тоғысында жарияланғанын айтады.
Кітапхананың сирек қорындағы сол кезеңде жарық көрген тамаша Ресейлік басылымдар қатарында – салмағы ауыр және қымбат – 1893 жылы СПб.:Лейпцигтен шыққан Э.Ухтомскийдің «Путешествие на Восток Его Императорского Высочества Государя Наследника Цесаревича» (т.1) кітабын атауға болады.
Публицист, «Санкт-Петербургские ведомости» газетінің шығарушысы, редакторы князь Эспер Эсперович Ухтомский Николай II-ші патшаға, әсіресе оның ел басқаруының бастапқы жылдарында жақын адамдардың қатарынан болған. Э.Ухтомский қоғамдық, мемлекеттік қызметтерімен қатар өзін этнограф, шығыстанушы ретінде де таныта білген.
Э.Ухтомский кітабында ұлы князь Николай Александровичтің эскадрасымен 1890 жылы Шығысқа жасаған тоғыз айлық саяхаты тартымды баяндалады. Кітаптың әрбір беті алтынмен апталғандықтан, өте жақсы сақталған.
Алып Ресей империясы тағының мұрагерінің Греция, Египет, Үндістан, Сингапур, Ява аралдары, Қытай, Жапонияны аралап Сібір арқылы Петербургке оралар жолсапарының хроникасын, танымдық, ғылыми, тарихи, этнографиялық очерктерін көркем безендіріп, князь Ухтомский бұл аса қымбат басылымды шектеулі тиражбен шығарған. Салмағы – 4,5 килограмм.
Кітапхана сирек қорындағы ең көне кітаптар орыс классицизмінің өкілі ақын Михаил Херасковтың 2 томдық эпикалық поэмалар жинағы. М.Херасков поэтикалық туындысы «Эпические творения» кітабын – Мәскеу Университеті баспаханасынан 1786, 1787 жылдары шығарған.
Херасков шығармаларының ішінде ең маңыздысы болып есептелетін «Эпические творенияның» 1-ші томына енген «Россиядаға»/1786/ өзек болған тақырып IV Иванның Қазан хандығын жаулап алуы, Кітаптың екінші томына «Владимир» /1787/ эпикалық поэмасы енген.
Ең арзан кітап – Ф.Ф.Пуцыковичтің Санкт-Петербургтен 1898 жылдан бастап «Из народоведения» сериясымен шығарған этнографиялық кітапшалар топтамасы.
Жазушы, ұстаз «Братское слово», «Краткая русская история», «Уроки русского правописания», «Русский букварь», «Русско-славянская азбука», «География для элементарных училищ» сияқты шығармалардың авторы Ф.Ф.Пуцыкович көпшілікке қолжетімді, өзі арзан және пайдалы ақпарат беретін кітап басып шығару мақсатында 20 кітаптан тұратын көркем безендірілген «Библейские рассказы» брошюралар топтамасын құрастырған.
Ф.Ф.Пуцыковичтің «Из народоведения» сериясы да осы мақсатты көздейді. Бұл сериямен баспа көрген: «Сербы», «Черногорцы», «Греки», «Цыгане», «Бухарцы», «Немцы», «Китайцы», «Татары», «Египтяне», «Арабы», «Персы» кітапшалар топтамасы бүкіл әлемде өмір сүріп жатқан әр алуан ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптары, тұрмыс-салты, мәдениеті, ерекшеліктері, негізгі кәсіптері, мемлекеттік құрылысы, саудасы және басқа да қызықты мәліметтер беретін 40 кітаптан тұратын басылым. Бұл шағын ғана этнографиялық басылымдар әлем халықтары жайлы ақпаратының мазмұнының құндылығымен бағалы.
Кітаптардың қалыңдығы 3мм, бағасы жағынан ең арзан 5 тиындық кітап.