Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – 149 б.

Бұл құралда соғыс жылдарындағы семейлік жауынгерлердің жан қиярлық ерлігі тыл еңбеккерлерінің Жеңісті жақындатуға қосқан зор үлесі баяндалады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында Семей қаласында жасақталған 238-ші дивизия, 8-ші атқыштар дивизиялары, Семейлік Кеңес Одағының Батырлары туралы тың материалдар қамтылған құрал тарих пәнінің мұғалімдеріне, кітапханашыларға, қалың көпшілік қауымға арналған.

Обложка русс.1Тәуелсіздік жылдарындағы – Семей өңірі (1991-2011): (Библиографиялық көрсеткіш) /Құрастырған Ж.Чушекова.-Семей: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана, 2014.- 93 бет.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының 130 жылдық мерейтойына және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай құрастырылған библиографиялық көрсеткішке 1991-2011 жыл аралығындағы Семей аймағының әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктері туралы ақпараттар беретін мерзімді басылымдар мен кітаптарда жарияланған мәліметтер енгізілген.

Семей қаласының тарихи-мәдени орындары: Жолкөрсеткіш.-Семей: «Семей-Печать», 2013.-26 б.

Семей қаласының тарихи-мәдени орындары 0003Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының 130 жылдық мерейтойына арналған басылым қайта толықтырылып, өңделіп оқырмандарға ұсынылды. Құралға Семей қаласының тарихи-мәдени орындары туралы анықтама, мекен-жайы, жұмыс уақыты туралы ақпараттар беріліп, әдебиеттер тізімі енгізілген. Өлке туралы білгісі келетін оқырмандарға, мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға және қала қонақтарына көмекші құрал ретінде арналған.

Семей өңірінің ақын-жазушылары: Биобиблиографиялық көрсеткіш.-Семей: «Семей-Печать», 2013.-92 б.

Семей өңірінің ақын-жазушыларыСемей өңірінің ақын-жазушыларының еңбектері қазақ әдебиеті тарихында маңызды орын алады. Екінші рет өңделіп, толықтырылып оқырмандарға жол тартқан құрал Абай атындағы әмбебап кітапханасының 130 жылдық мерейтойына орай құрастырылып шығарылды. Көрсеткіштің жазылу тәртібі – Абай, Шәкәрім, М.Әуезов есімдерімен басталып, енгізілген есімдер әріптік ретпен жалғастырылып, өмірі мен шығармашылығы туралы анықтамалар және әдебиеттер тізімі енгізілді. Соңында есімдердің әріптік көрсеткіші орналастырылған. Басылым өлкетанушыларға, мамандарға, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне және көпшілік қауымға арналған.

Семейдің әнші-сазгерлері: Библиографиялық портрет.-Семей:«Семей-Печать», 2013.-52 бет

Семейдің әнші-сазгерлері2006 жылы жарыққа шыққан басылым Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының 130 жылдық мерейтойы қарсаңында өңделіп оқырмандар назарына ұсынылды. Құралға халықтық мәдени қазынаны қастерлеп, дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан семейлік жезтаңдай әншілер мен талантты сазгерлер туралы анықтамалар беріліп, әдебиеттер тізімі енгізілген. Кіргізілген есімдер әріптік ретпен орналастырылды. Бұл басылымның жұртшылыққа танымдық, эстетикалық, тәрбие беруде әдістемелік құрал қызметін атқарары сөзсіз.

 Қайым Мұхамедханұлы: библиографиялық көрсеткіш: (қазақ және орыс тілінде). -Семей: «Талант», 2011.-46 б.
Құрал белгілі ғалым, әдебиеттанушы, зерттеуші, педагог Қайым Мұхамедханұлының 95 жылдық мерейтойына арнап шығарылды. Көрсеткшіке жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы, сонымен қатар ғалым, қоғам қайраткері, публицист ретінде танылған жан-жақты білімді азаматтың шынайы келбетін бейнелейтін мағлұматтар жинақталған. Соңында әдебиеттер тізімі тақырыптар бойынша енгізіліп, есімдер реттік әріппен берілген.
Библиографиялық көрсеткіш Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қоры негізінде құрастырылып шығарылды. Құрал мұғалімдерге, зерттеушілерге, кітапханашыларға және оқу орындары студенттеріне көмекші құралл ретінде арналған.

Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі.-Семей: «Талант», 2011.-111 б.
Күнтізбекте туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша анықтама мен әдебиеттер тізімі берілген. Қазақ және орыс тіліндегі күнтізбе аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткішімен жабдықталған.
Құрал мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өлкесін танып білгісі келетін оқырмандарға көмекші құрал ретінде арналған.

Семей: кеше және бүгін: библиографиялық құра.- Семей: Талант, 2010.- 84 б.
Абай атындағы кітапхана қорынан құрастырылған библиографиялық құрал Семей қаласының тарихына арналған. Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі – Семей қаласының тарихы бай да, қызықты.
Бұл құралдан Семей қаласының іргетасы қаланған уақыттан бастап, Семей өңіріндегі сауда-саттықтың қалыптасуы және дамуы, Семей өңірінің саудагерлері, облыстық статистикалық комитет, Ф. Достоевскийдің Семей қаласындағы өмірі, қаладағы халық ағарту ісі, саяси және мәдени өмірі туралы мағлұматтармен танысуға болады.
Құрастырылған библиографиялық құралда қаланың тарихы жайында және оны зерттеуші ғалымдар, көне қаланың мәдениетінің гүлденуіне үлес қосқан саяси тұлғалар, мәдениет ескерткіштері туралы материалдар жинақталған, сонымен қатар қаланы ән-жырға қосқан ақын-жазушылардың өлеңдері, құралды жазуға пайдаланылған әдебиеттердің тізімі соңында әріптік ретпен берілген.
Библиографиялық құрал өлкетанушыларға, мұғалімдерге, студенттерге арналған.

Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған библиографиялық құрал.- Семей, «Талант», 2010.- 44 б. 
Ақпараттық библиографиялық бөлім Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап шығарған библиографиялық құралын ұсынып отыр. Бұл құралға енгізіліп отырған материалдар негізінен жергілікті «Семей таңы» газеттерінен, 1943-1944 жылдары шығып тұрған «Екпінді» газетінің беттерінен, 1995 жылы шыққан «Боздақтар» атты Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітаптан, «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары» атты кітабынан т.б. материалдар алынып отыр.
Бұл құралда Семейліктердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері, қаламызда жасақталған 238 – ші дивизия, 8- атқыштар дивизиялары, Семейлік Кеңес Одағының Батырлары туралы, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан өңіріміздегі еңбеккерлердің еңбектері жайында материалдар ұсынылып отыр.
Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Мәскеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Бұл сұрапыл соғыста Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға семейліктер де өз үлестерін қосты.
Бұл құрал тарих пәнінің мұғалімдеріне, кітапханашыларға, қалың көпшілік қауымға арналған.