Наш телефон: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Новые поступления

Абай оқыған ертегілер. – Семей.- 2020. -304 бет.
Абай Құнанбайұлы өзінің ақындық мектебінде ертегілер айтуды дәстүрге айналдырған. Ақын өз тыңдармандарын ертегілердің философиялық ой тарамдары арқылы ағартушылыққа шақырған. Оның еңбегінің жемісі атақты Баймағамбет ертекші еді. «Абай оқыған ертегілер» жинағына Абай Құнанбайұлы оқыған қазақ халқының ертегілері мен поэмаларыда сюжеттік желі болған « Мың бір түн» ертегілері алынған. Жинақ халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасын сүйіп оқитын көпшілік қауымға арналған.

Тарақов Ә.С. Ғаламның жыр данасы ( Қазақтың ұлы классигі Абай Құнанбаевтың поэзиясын талдап, жаңаша бағалау). Әнуар Сауатұлы Тарақов. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2020. – 272 бет.
Абайдың поэзиясы мен қарасөздері өз заманындағы қоғамдық өмірдің түрлі қайшылықтарын, өзгерістерін, уақыт ағымындағы адамдардың мінез- құлығындағы, жан-дүниесіндегі әртүрлі келеңсіздіктерді ащы да айқын көрсетті. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Әнуар Тарақов Абай шығармаларын тұтастай, кешенді зерттеу жасады.Ғалым ақынның өлеңдерінің әр жолын, тіркесін, сөзін талдап, тұжырымдайды. Ғылыми еңбектің тілі жеңіл, оқырмандардың түсінуіне, пайымдауына бейімделген. Автор Абай өлеңдерінің сұлулығы мен сыршылдығын, тереңдігі мен танымдылығын, философиясы мен эстетикасын тағы да басқа ерекшеліктерін әлемдік классикалық поэзия үлгілерімен салыстыра сараптап, бағалайды.

Құнанбаев Абай: 10 томдық жинақ. Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы. Т.1. Мыңмен жалғыз алыстым: Өлеңдер. -2020. – 304 бет.
Абай Құнанбаев қазақ елінің ұлы ақыны, данышпаны, ойшылы, өз халқынан ұлт қалыптастырған Дана Тұлға. Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға толы. Халықаралық Абай клубының Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арнайы тарту етіп шығарған он томдық шығармалар жинағы көпшілік оқырман қауымға арналған. Әр томы әр тілде шығарылған. Жалпы, Абайдың өсиет- өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды асқар биіктергі жетелейді.

Мырзахметұлы М. Абайдың « Толық адам» ілімі.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы.- 2020.- 240 бет.
Заманымыздың заңғар ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы абайтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдерін ғылыми түрде жүйелеп, Абай мұрасының барынша терең әрі жан- жақты зерттелуіне зор үлес қосып келеді. Бұл кітапта хакім Абайдың « Толық адам» ілімі- жаңа таным жолы ретінде қарастырылады. Автор Абай танымын қазіргі заманға сай көзқараспен саралап, соны тұжырымдар ұсынады.

Омаров Д. Абай мұрасын қолдану жолдары. – Алматы: 2020.- 352 бет.
Абай мұрасын рухани тұрғыдан қарап, өмірде кеңінен қолдана білсек, бұған көзімізді жеткізуге болады. Досым Омаровтың осы еңбегі бұл ойдың жақсы дәлелі. Кітапта Абай мұрасын өмірде қолдану жолдары беріледі. Рухани жаңғыру мәселесі сараланып, қазақтың ұлттық кодының қалыптасуы, білім алу сырлары, адам өмірінің түпкі мақсаты мен жету жолдары беріледі. Абайдың «толық адам» ілімі талқыланып, қазақтың ұлттық идеясы ұсынылады. Автор біздің бүгінгі өміріміздің қиыншылықтарын бүкіл адамзат деңгейінде қарастырып, Абай мұрасы арқылы шешімін тауып отыр. Кітап абайтанушылар, студенттер және болмыс сырларына үңіліп, түсінуге ұмтылып жүрген көпшілік оқырман қауымға арналған.

Сыздыков Е.Б. Кунанбай / Ерлан Сыздыков. – М.: Молодая гвардия. -2020. – 351 с.: ил. – (Жизнь замечательных людей : серия биографическая.; вып.1815).
Есть в истории личности, судьба которых удивительным образом отражает характер эпохи. Кунанбай Ускенбаев – не только отец великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева, но и своеобычная, исключительная личность в казахской истории. Вниманию читателей предлагается книга о жизни и деятельности Кунанбая Ускенбаева, главы рода, настоящего казаха.

Қайсенов З. Шығыс Қазақстан облысының тарихи очерктері. — Өскемен, 2007.- 334 бет.
Бұл еңбекте Шығыс Қазақстан өлкесін көне ғасырлардан мекендеген тайпалар мәдениетіне сипаттама беріліп, орта ғасырдан қалған мәдени мұраларға баса назар аударылған. Тарихта із қалдырған тұлғалардың өмірі жайында да жазылған. Кітап өлке тарихына қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған.

Қайсенов З. Шығыс өлкесінің тарихи әдеби очерктері. – Өскемен, Рекламный Дайджест, 2018. – 265 бет.
Кітап ел тарихы, жер тарихы және өлкетану туралы. Облысқа танымал тарихшы, өлкетанушы, этнограф ұстаз Зейнолла Қайсенов Ұлан ауданының 90 жылдық торқалы тойына лайықты тарту ретінде арнап жазған еңбек. Автор жылдар бойы көз майын тауысып жинақтаған деректерін осы еңбекте беру арқылы « Рухани жаңғыру» үрдісіне өзіндік үлесін қосқан.

Яхина Г. Дети мои: роман.- М.: Издательство АСТ,2020.- 493 с. (Проза Гузель Яхиной).
Повольжье, 1920-1930-е годы.О мире немецкого Поволжья. История о том, как большая любовь порождает страхи в наших сердцах и одновременно помогает их превозмочь.

Сатья Д. Женщина и ее божественная природа.- М.: Издательство АСТ,2020.- 304 с. – (Веды. Наследие).
Эта книга о самых прекрасных созданиях на Земле – о женщинах. Самое главное , чему учит Сатья женщину: это любить себя и быть верной себе, следуя своему предназначению. И только в этом случае она обретет мир, гармонию и счастье с близкими людьми!

Франклин, Бенджамин. Время – деньги! — М.: Издательство АСТ,2020.- 320 с. – (Исключительная книга мудрости).
История Бенджамина Франклина – это одна из самых увлекательных историй жизни человека, который всего в своей жизни добился сам, прошел путь от недоучки до знаменитого публициста и ученого. Его биография находится в лидерах скачивания в Интернете по всем мире и будет интересен тем, кто ищет новые идеи, интересуется историей и не стоит на месте.

Спаркс Н. Выбор: роман. — М.: Издательство АСТ,2020. – 352 с. — (Романтика любви).
Завораживающе красивая история о любви, доверии и понимании. Главная героиня должна выйти за не любимого, но успешного. Встречает « любовь всей своей жизни» и через череду надуманных проблем женятся. Габи и Тревис сами не поняли, как бесповоротно влюбились друг в друга……