2287-2304 / 2601

Кітапханаға тарту: ғалымның сыйы

07.04.2014

2014 жылдың 7 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қорына Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.С. Сұлтанов бірнеше кітаптарын сыйға тартты.

Франция еліне саяхат: кітап көрмесі

01.04.2014

2014 жылы 1 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі Қазақстанның Франциядағы мәдени жылына байланысты «Франция еліне саяхат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітапхана оқырмандарының сұраныстарын талдау

28.03.2014

2014 жылдың ақпан-наурыз айларында Абай атындағы кітапхана оқырмандар арасында “Оқырмандар сұраныстары” тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеудің басты мақсаты оқырмандардың кітапхана қоры мен кітапханалық қызмет көрсетуіне қанағаттанушылық деңгейін анықтау болды.

Марғұлан мұрасы- ұлт мақтанышы: оқу конференциясы

27.03.2014

27 наурыз 2014 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушыларымен бірлесіп, әйгілі шығыстанушы, фольклоршы, әдебиетші, археолог, филология ғылымдарының докторы, академик, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген ғалым Ә.Х. Марғұланның туғанына 110 жыл толуына орай «Марғұлан мұрасы- ұлт мақтанышы» …

Хош келдің берекелі Әз Наурыз!

19.03.2014

Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз- жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағында «Хош келдің берекелі Әз Наурыз!» тақырыбымен Наурыз мейрамы өткізілді.

Наурыз –достық пен гүлденудің мерекесі: көрме-викторина

14.03.2014

2014 жылдың 14 наурызында Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері қазақтың әдет-ғұрыптары мен ата-бабаларымыздың өмір сынынан өткен салт-дәстүрлерінің озық үлгілерін таныстыру және наурыз мерекесінің мән-мағанасын ұғындыру мақсатында «Наурыз-достық пен гүлденудің мерекесі» атты викториналық ойын өткізді.

Кітапхана қызметіндегі инновациялық технологиялар: оқыту кеңестер топтамасы

14.03.2014

2014 жылы 11-14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілік шеберлігін жетілдіру мақсатында «Кітапхана қызметіндегі инновациялық технологиялар» оқыту кеңестер топтамасын ұйымдастырды.

Библиографиялық біліктілік: әдістемелік-библиографиялық кеңес

13.03.2014

Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 13 наурызында кітапханашылардың кәсіби біліктілігн жетілдіру аясында 8 аудан кітапханашылары үшін «Библиографиялық біліктілік» атты әдістемелік-библиографиялық кеңес өткізілді.

Семей аймағындағы атаулы күндер мен айтулы оқиғалар: өлкетану шолуы

13.03.2014

2014 жылдың 13 наурызы күні Абай атындағы кітапханада Семей аймағындағының қалалық және аудандық кітапханашыларына Семей аймағындағы 2014 жылдың атаулы күндері мен айтулы оқиғалары тақырыбында өлкетану шолуы өткізілді.

Бір ел-бір болашақ: ақпараттық сағат

13.03.2014

Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 13 наурызы күні Семей аймағындағы қалақық және аудандақ кітапханашыларға арналып еліміздің Президентінің халыққа Жолдауы аясында «Бір ел-бір болашақ» тақырыбында ақпараттық сағатын өткізді.

Macmillan баспасы әдіскерлері Абай кітапханасында: семинар

13.03.2014

2014 жылы 13 наурыз күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі мен «LINGVOTOWN» тіл орталығымен бірлескен түрде, Америка бұрышы аясында «Macmillan» баспасының әдіскерлерін қаладағы ағылшын тілі оқытушылары үшін арнайы түрде шақыртып, семинар ұйымдастырды.

Кітапхана жобалары: тұсаукесер

12.03.2014

2014 жылдың 12–ші наурызда Абай атындағы кітапхана қызметкерлері алғаш рет Кітапхана жобаларының тұсаукесерін ұйымдастырды. Кітапханағы 12 бөлім өздерінің жобаларын ортаға салды.

Қазақ және Америка дәстүрі -Kazakh and American National Cuisine: пікірталқы

12.03.2014

2014 жылы 12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері Наурыз мейрамының қарсаңында «Kazakh and American National Cuisine» атты іс- шара өткізіп, оқырмандарды пікірталқыға шақырды.

Өнер көгіндегі жарық жұлдыз: онлайн-сағат

12.03.2014

Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімі мен Абыралы кітапханасы арасында 12 наурыз 2014 жылы Әйтікеш Толғанбаевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Өнер көгіндегі жарық жұлдыз» атты онлайн-сағат өткізді.