2014 жылдың 29 сәуірінде ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Объектив» фотоклубының «Әлем фотосуретшілері» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті.
Абай атындағы кітапханасы “Нұр Отан” ХДП Жоғарғы партия мектебінің Шығыс Қазақстан аймақтық филиалы және «Еураз-шоу» ән-би театры бірлесіп 2014 жылы 26 сәуірде кешкі саған 18:00-22:00-ге «Кітапхананың түнгі әлемі» мерекелік іс-шарасын өткізіп, қала тұрғындарына түрлі мәдени шаралар ұсынды.
2014 жылы 25 сәуір Абай атындағы кітапханасы өнер және шетел әдебиеті бөлімі қызметкерлері бірлескен түрде, «Біз біргеміз, мықты біздің іргеміз!» жобасы аясында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты этно-мәдени фестивальі мен халықтар достығына арналған кітап көрмесін …
25 сәуір 2014 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері, қалалық мәдени бөлімі және Білім беру департаментімен бірлесе отырып, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты фестивальды ұйымдастыруда мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдау барысына белсене атсалысты.
2014 жылдың 24 сәуірінде Бородулиха орталық кітапханасында Абай атындағы облыстық кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен Абай, Қайнар, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, Семей ОКЖ-і, Курчатов қалалық және Мұқыр ауылдық кітапханашыларының қатысуымен аймақтық семинар өтті. Семинарға 51 кітапхана маманы қатысты.
Абай атындағы кітапхананың бастамасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының құрылғанына 10 жыл толуына орай 10 жергілікті қаламгер, ғалымдардың қолтаңбасымен сый кітаптарын жіберді.
2014 жылдың 18 сәуірінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Саябақтар шеруі-2014» халықаралық қозғалысы аясында өткен «Орманды өрттен сақтайық» атты колледждер слетіне қатысып қайтты.
2014 жылдың 18 сәуірінде Абай атындағы кітапханада «Объектив» фото-бейне клубынының кезекті отырысы өтті.
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 18 сәуірі күні бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күні қарсаныңда көп салалы колледж студентеріне «Кітап ғасырлар мұрасы» электрондық тұсау кесер ұйымдастырды.
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 17 сәуірі күні дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырып «Авиценна» колледжінің 1 курс студенттеріне кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
2014 жылдың 17 сәуір күні Абай атындағы кітапхананың Америка бұрышы аясында Америка елінің азаматтары ғылыми қызметкер – Бетте Хайли мен энергетика саласының маманы- Ник Кавеллеромен кездесу ұйымдастырылды.
2014 жылы 16 сәуірде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және автор құқығын қорғау күніне» орай қалалық Орталық саябақ алаңында және «Шәкәрім» кітаптар үйі» дүкені алдында «Әлемді кітаппен бірге ашамыз!» атты библиодесант ұйымдастырды.
2014 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі, Абай, Ақсуат ауданының Құрметті азаматы, шежіреші-этнограф Молдабек Жанболатұлымен әңгіме-сұхбатты бейнежазбаға түсірді.
2014 жылдың 14 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, «Атилла» медалінің иегері, ақын, аудармашы, ұстаз Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековпен болған әңгіме-сұхбатты бейнежазбаға түсіріп алды.
2014 жылы 13 сәуірде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық №5511 әскери бөлімшесінің сарбаздары үшін «Аймақтық туризмнің дамуы» тақырыбында бейнекруиз өткізді.
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 12 сәуір күні «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубының аясында «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің кезекті үйірме жұмысында қолөнер шебері Ақылия Садуақасова ши тоқудан және киіз бастырудан шеберлік сабағын өткізді.
2014 жылы 11 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы Америка бұрышы аясында «Джаз – Jazz»: суретті көрме және ақпаратты сағат ұйымдастырды.
2014 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы әмбебап кітапхана библиографтары биылғы жылы аталып өтілетін, Семей тарихымен тығыз байланысты тарихи тұлғалар Ф.Достоевский және Н.Коншинге арналған өлкетану оқуын ұйымдастырып өткізді.