Бирюлин Владимир Федорович 1966 жылы қаңтар айының 20-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Әскерге алынғанға дейін РФ Новосибирск облысы, Чистоозернай ауданыда «Родина» кең шарында жұмыс істеген. 1984 жылы 21 сәуірде КСРО Қарулы күштерінің қатарына Чистоозерный ауданындағы әскери комиссариатынан шақырылған.1984 жылы маусым айынан Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контигенті құрамында әскери борышын өтеді. 1985 жылы 2 шілдеде автокөлік легіне жасалған шабуыл кезінде қаза тапты. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. РФ Новосибирск облысы, Чистоозернай ауданының Елизавета станциясында жерленген.

Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. — 117 б.