Page 2 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 2

Алғы сөз:

                         Абай  облысы  Абай  атындағы  әмбебап  кітапханасы  1999  жылдан  бері
                  «Абай  облысында  аталып  өтілетін  және  еске  алынатын  күндер  тізбегін»
                  электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде дайындап  шығарып келеді.
                  Әдебиеттерді  насихаттауда  және  еліміздегі  көрнекті  оқиғаларды  хабарлауда
                  көрсеткіштің  алатын  орны  ерекше.  Мұнда    туған  өлкеміздің  тарихы,
                  экономика  және  мәдениет  саласындағы  маңызды  оқиғалар  туралы,
                  мерейтойлары  аталатын  белгілі  жерлес  тұлғаларымыздың  өмірі  мен
                  шығармашылығы,  Алаш  мерегейлері,  Ұлы  Отан  соғысының  батырлары
                  туралы  ақпараттар мен әдебиеттер тізімі берілген. Аталып отырған күндер
                  тізбесі  айы  бойынша  реттеліп,  қысқаша  анықтамалар  мен  әдебиеттері
                  берілген даталар жұлдызшамен белгіленген. «Айы мен күні белгісіз даталар»
                  туралы  анықтамалар  мен  әдебиеттері  беріліп  хронологиялық  тәртіппен
                  орналастырылған.  Кеңестер  Одағының  батырларының  тізімі  хронология
                  тәртібімен анықтамасыз берілген.
                         Күнтізбе      аталып       өтілетін     есімдердің       әріптік     көрсеткішімен
                  жабдықталған.        Күнтізбе              мұғалімдерге,               кітапханашыларға,
                  өлкетанушыларға,  өз  өлкесін  танып  білгісі  келетін  оқырмандарға  көмекші
                  құрал ретіндеұсынылады.
                         Күнтізбе  туралы  ой-пікірлер  туындаса,  төмендегі  мекен-жайға
                  хабарласуға болады:


                                                                                                       071400
                                                                                            Абай көшесі, 86

                                                                                             Абай облыстық
                                                                  Абай атындағы әмбебап  кітапханасы,
                                                                   Ақпараттық-библиографиялық бөлім
                                                                                          Телефон: 52-43-07
                                                                              E-mail: semeybib@yandex.ru
   1   2   3   4   5   6   7