Page 125 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 125

сүйену  болды.  I  облыстық  сиезд  тұсында  осы  ойдағы  Ж.Досмұхамедовқа
                  бұрынғы  Дума  депутаты  Алпысбай  Қалменовтің  және  Ғаббас  Жетпісов,
                  Хайырша хазірет Ахметжанов сияқты ел ағаларының ықпалы күшті болды.
                  1917 ж. Мәскеуде, көпес Асадуллаев үйінде өткен I Бүкілресейлік мұсылман
                  сиезінде Ж.Досмұхамедов ерекше белсенділігімен танылды. Сиезд оны Ресей
                  мұсылмандарының  кеңесі  –  Бүкілресейлік  «Шуро-и-ислам»  комитеті
                  төрағасының  орынбасары  етіп  бірауыздан  сайлады.  Осы  сапар  сондай-ақ
                  Уақытша  үкіметтің  Құрылтай  жиналысы  жөніндегі  заң  жобасын  әзірлейтін
                  Айрықша Кеңесіне (Предпарламент) мүше болып енді. 1917 ж. жазда және
                  желтоқсанда өткен I және II Жалпықазақ сиездерінде Орал қазақтары атынан
                  делегат  болып  қатысып,  соңғы  сиезде  Алаш-Орда  үкіметіне  (Уақытша  ұлт
                  кеңесіне) мүше, «Шуро-и-исламға» II Жалпықазақ сиезі атынан өкіл болып
                  сайланды.  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  жэне  Ұлт  істері  халық
                  комиссариатының  басшыларымен  (В.И.Ленинмен  және  И.В.Сталинмен)
                  ұлттық автономия жариялау жөнінде келіссөз тұйыққа тірелгеннен кейін де
                  Ж.Досмұхамедов  бастаған  делегация  Совнаркомда  Алаш-Орда  өкілдерінен
                  тұратын Қазақ комиссариатын құру жұмыстармен айналысты, оған қоса Орал
                  земство  басқармасы  мен  Кеңес  өкіметінің  саяси-шаруашылық  бағытында
                  келісімге  келу  жолдарын  іздестірді.  Совнаркомның  Кіші  коллегиясында
                  бірқатар  уақыт  жұмыс  істегеннен  кейін,  сәуір  айының  орта  шеніне  таман
                  әлгіндей екі жақты келісім-шартқа қол қойылды.


                         1920  ж.  қыркүйектің  аяқ  шенінде  аталмыш  мекеменің  жолдамасымен
                  Түркістан  Республикасы  Халық  шаруашылығы  Ортақ  кеңесінің  жүн-жұрқа
                  бөлімшесіне  меңгеруші  болып  Ташкент  қаласына  жіберілді.  Түркістан
                  Республикасы  Орталық  атқару  комитеті  Қазақ  бөлімінің  хатшысы  міндетін
                  қоса  атқарды.  1921-22  жылдары  әйгілі  мешін-тауық  жұты  кезінде
                  Қазақстанның  аштыққа  ұшыраған  батыс  және  солтүстік  аймағы  халқына
                  азық-түлік жинап жөнелту үшін Түркаткомы тапсырмасымен Қарақол (Прже-
                  вальск)  қаласына  барды.  Кейінірек,  1922-24  жылдары  Ташкенттегі  қазақ
                  зиялылары  Білім  комиссиясы  жанынан  құрылған  «Талап»  мәдени-ағарту
                  қауымының  тапсыруымен  «Жауыздық  низамы»  деген  атпен  қазақ  тіліндегі
                  алғашқы        кеңестік     Қылмыстық          кодексті      әзірледі.     Осы      кезеңде
                  Ж.Досмұхамедовтың  зайыбы  Ольганың  әпкесі  Надежда  Константиновна
                  Тұрар  Рысқұловқа  тұрмысқа  шықты.  Ж.  Досмұхамедов  1927  ж.  қарашадан
                  1929 ж. дейін Қызылорда қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық банкінде заң
                  кеңесшісі  болып  істеді,  1928  ж.  Қорғаушылар  коллегиясына  мүше  болып
                  қабылданды.  Астана  көшкен  кезде  Алматыға  келіп,  1930  ж.  басына  дейін
                  осында       болды,       сол     жылы       ақпанда       Надежда        Константиновна
                  Колоссовскаяның  шақыруымен  Мәскеуге  ауысты.  1930  ж.  қазан  айында
                  “Скотовод”  басқармасында  аға  экономист  болып  істеп  жүрген  кезінде
                  Замоскворечье        ауданындағы         Шаболовка        келте     көшесіндегі       үйінде
                  тұтқындалып, Бутырка түрмесіне қамалды, кейінірек Алматыда жауапталды.
                  1932  ж.  20  сәуірде  Қазақстан  ОГПУ  Үштігінің  “1921  ж.  Ташкентте
                  М.Тынышпаевпен  бірге  астыртын  ұйым  құрды  және  30-жылдары  Кеңес
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130