Бөлім жетекшісі:
Чушекова Жанар Меллатқызы
Телефон: 8 (7222) 52 36 45,
Факс: 8 (722 2) 52 04 94 e-mail: abonement.bibliotekaabaya@yandex.ru
веб-сайт: semeybib@yandex.ru
071400, Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй.
Бөлімнің мақсаты:
Кітап оқуда ақпараттық-мәдени және демалыс уақыттарын ұтымды пайдаланудағы сұраныстарын қанағаттандырады, жеке және көпшілік жұмыстарының түрлі жұмыс тәсілдерімен әдістерін пайдалана отырып оқырмандарға әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктері жайлы ақпараттар беру.
Оқырмандар сұраныстарын талдау негізінде, кәзіргі кітап нарқы ерекшеліктерін ескере отырып негізгі және қосымша қорды қалыптастыру.
Нақты статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Кітапханадағы негізгі қорды барынша ұтымды ұйымдастыруды, толықтыруды, орналастыруды, дұрыс сақтау тәртібін қамтамасыз ету.
Кітапхананың мәдени-ағарту және ақпараттандыру қызметтеріне қатысу, өнегелік және мәдени құндылықтарды насихаттау.
Бөлімнің міндеті:
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде оқырмандар топтарына ғылым салалары және құжаттар түрлері бойынша жеке дара қызмет көрсету.
Оқырмандар сұранысын жылдам орындауды қамтамасыз ету.
Орындалмаған әдебиеттер сұранысына талдау жасау және шаралар қолдану.
Бөлім оқырмандарының әдебиеттерді мерзімінде қайтаруын қадағалау және кітап берешектерін ескерту жұмыстарын жүргізу.
Оқырмандарға қызмет көрсетудің басқа түрлерін ұсыну, оның ішінде кітапхана директорының бұйрығымен бекітілген ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Оқырмандардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына сәйкес абонементтің қосымша қорын қалыптастыру.
Пайдаланушылардың ақпараттарға сұранысын талдау негізінде кітапхана қорын толықтыруға қатысу.
Кітапхананың басқа құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп мәдени-көпшілік, ақпараттық жұмыстарға қатысу.
Компьютерлік технологияны жан-жақты меңгеру және кітапхана қызметіне енгізу.
Күнделікті статистикалық ақпараттардың есебін жүргізіп, ай сайын кітапхана әкімшілігіне статистикалық есепті тапсыру.