Page 127 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 127

Жаһанша Досмұхамедов// https://stud.kz/


                  Жаһанша Досмұхамедов// https://alash.semeylib.kz/?page_id=76






                                                    Сәрсенұлы Биахмет


                                                          (1885-1921)




                                              Сәрсенұлы  Биахмет  1885  жылы  Семей  облысы,
                                       Зайсан  уезі,  Нарын  болысында  дүниеге  келген.  (қазіргі
                                       Шығыс  Қазақстан  облысы,  Тарбағатай  ауданы.)  Алаш
                                       қозғалысының  қайраткері.  1905-1909  жылдары  Семей
                                       мұғалімдер  семинариясында  оқиды.  Мұны  бітірген  соң  5
                                       жыл мұғалім, 3 жыл болыстық кеңесте қызметкер болады.
                  1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ол Семей облысында  Қазақ комитетіне
                  мүше  болып  сайланып,  Павлодар  уезінде  жергілікті  комитеттер  құруға
                  атсалысады.  1917  жылы  Алаш  партиясы  құрылатын  бірінші  жалпықазақ
                  сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінін де
                  ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алашорда үкіметі –
                  Ұлт  кеңесі  анықталатын  екінші  сиез  құрамында  А.Байтұрсынов,
                  М.Жұмабаев,  Е.Омаров.  Т.Шонанұлыларымен  бірігіп  Білім  комиссиясына
                  кіреді. 1919 жылы Семей облыстық жер басқармасы халық ағарту бөлімінің
                  қазақ бөлімшесіне басшы болып тағайындалады. Осы кезде Семейде жаңадан
                  ашылған  мұғалімдер  курсында,  өзі  оқыған  мұғалімдер  семинариясында
                  әртүрлі  пәннен  сабақ  береді.  Қаладағы  мәдени  ұйымдардың  жұмысына
                  атсалысады.


                         Азамат соғысы жылдары Шығыс Алашорда үкiметi құрамында қызмет
                  етiп,  облыстық  земство  басқармасында  халық  ағарту  бөлiмiнiң  қазақ
                  бөлiмшесiн  басқарған  Биахмет  Сәрсенұлы  ұлттық  мектептердi  ашу  және
                  оларды  қаржыландыру,  қазақ  балаларын  оқуға  орналастыру,  қажеттi
                  оқулықтармен қамтамасыз ету сияқты толып жатқан жұмыспен айналысты.
                  Әрi  Семейдегi  мұғалiмдер  семинариясы  мен  Алаш  қаласындағы  қысқа
                  мерзiмдi  педагогикалық  курстарда  сабақ  бердi.  Сондай-ақ  “Қазақ”,
                  “Сарыарқа”  газеттерiне  үзбей  мақалалар  жазып  тұрды.  Мысалы,  Биахмет
                  Сәрсенұлының “Автономия кеңесi”, “Бiрiккен елде – береке”, “Азық-түлiк”,
                  “Россияда  осы  күнде  зор  мәселе  –  азық-түлiк”  және  т.б.  мақалалары  ұлт
                  мүддесiмен үндес әрi дер кезiнде жазылуымен құнды болып есептелдi.
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132