Page 129 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 129

Сәрсенұлы Биахмет// https://alash.semeylib.kz/?page_id=183










                                                    Дулатов Міржақып

                                                          (1885-1935)




                                                   Алаштың көрнекті қайраткері Дулатов Міржақып
                                            1885  жылы  21  қарашада  Торғайдың  Қызбел  деген
                                            жерінде дүниеге келген. Екі жасында анасынан, он екі
                                            жасынан әкесінен айырылып, Асқар ағасының қолында
                                            өседі.  1897  жылы  Торғайдағы  екі  сыныптық  орыс-
                                            қырғыз  школына  қабылданып,  онда  бес  жыл  оқиды.
                                            1902-1904  жылдары  Торғай  уезінде  мұғалімдік  қызмет
                                            атқарады.  1904  жылы  Омбыда  Ә.Бөкейхан  және
                  А.Байтұрсынұлымен  танысады.  Осы  кезден  бастап  белсенді  саяси  күреске
                  араласады.  Қарқаралы  оқиғасынан  соң,  Ресей  орталығында  шыңдалуды
                  көздейді.  Ресейдегі  кадет  партиясының  мүшесі  ретінде  1906  жылы
                  Петерборға  аттанады.  Осында  мұсылман  фракциясының  және  Еділ,  Кавказ
                  қайраткерлері ұйымдастырған жиындардың жұмысына қатысады. 1907 жылы
                  Петербордағы  татар  газеті  «Улфаттың»  жанынан  қосымша  тұңғыш  ұлттық
                  рухтағы  «Серке»  газетін  шығарысады.  1907  жылы  Ресей  қазақ  секілді
                  ұлттарды сайлану құқынан айырған еді. «Серке» осы мәселенің әділетсіздігін
                  ашық  айтқаны  үшін  жабылды.  1909  жылы  Қазанның  «Шарқ»  баспасынан
                  «Оян,  қазақ!»  атты  кітабы  шығады.  Ұлттық  манифеске  баланған  «Оян,
                  қазақ!»  пен  тұңғыш  қазақ  романының  авторы  жаңа  руханият  ғимаратын

                  тұрғызу шарасының жуан ортасында жүрді. Дулатовтың Абай туралы екінші
                  мақаласы  Абай  қазасының  он  жылдығын  еске  алу  орайында  1914  жылы
                  «Қазақ» газетінде жарық көрді.

                         1909-1911  жылдары  қайраткер  Қызылжарда  сот  кеңесінде  қызмет
                  жасап,  мұғалімдік  жұмысын  жалғастырады.  1910  жылы  кайраткер-
                  қаламгердің «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. 1911 жылы Семейге
                  келген  сапарында  тұтқындалып,  бір  жарым  жыл  абақтыға  жабылады.  1912
                  жылы  Орынборға  келіп,  саяси  күреске  белсене  араласады.  1913  жылы
                  жарияланған  «Азамат»,  1915  жылы  шыққан  «Терме»  атты  өлең  жинақтары
                  Мыржақыптың  ақындық-азаматтық  беделін  елге  аса  елеулі  етті.  1913-1918
                  жылдары  ол  «Қазақ»  газетін  шығарысуға  атсалысады.  Тарихтағы  тұлға
                  рөліне  ерекше  назар  аударған  қайраткер  1914  жылы  Шоқан  Уәлиханов
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134