Page 10 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 10

2 қаңтар    Сазгер Уәли Айдаболовтың  туғанына  95 жыл  (1930-2000)


                           Сазгер Жарма ауданы, сұлу табиғатты Мариновка селосында дүниеге
               келген.  Жасынан  ауыр  жұмыстарды  басынан  кешірген  Уәли  соғыс  жылдары
               үзген  оқуын  1947  жылы  қайта  жалғап,  Семей  қаласындағы  темір  жол
               училищесіне оқуға жіберіліп, слесарьлық оқумен жалғастырады. Жыл өткенде
               Аягөздегі       жаттығу       тәжірибе      жұмысына         жіберіледі.      Сонда       жүріп
               көркемөнерпаздар  үйірмесіне  қатысады.  Орта  әсері  өнерге  құштарлығын
               қозғап,  табиғатына  біткен  музыкалық  дарынының  көзін  ашуға  ықпалын
               тигізеді. Сырттай М.Төлебаев атындағы музыкалық училищені оқып бітіреді.


                           Жарма ауданында автоклубта қызмет істей жүріп, домбыра мен баян
               тартуды  үйренеді.  «Скотоводта»  мұғалімдік  қызметпен  қатар  музыкалық
               дарыны  да  жарыққа  шыға  бастайды.  Олардың  төл  басы  Қ.Алтынбаевтың
               өлеңіне жазылған «Туған жер», Қ. Шалқаров, Т. Әбдірахманованың өлеңдеріне
               жазылған  «Алыстадың  арманым»,  «Дос  қандай»  әндері  дүниеге  келді.
               Сазгердің «Жылдар, жылдар» атты әндер жинағы 2000 жылы жарық көрді.

                           1973  жылы  Семей  қаласындағы  №16  мектепке  орналасып,  ән

               сабағынан  20  жылдан  астам дәріс береді. Өнер  адамдары Т.  Базарбаевпен,  Д.
               Хайрулин тағы басқалармен шығармашылық қатынаста болды.

                           Уәли  Иманғалиұлы  Айдаболов  көп  жылдық  еңбегі  үшін  «Халық
               ағартудың  озық  қызметкері»  атағына  ие  болды.  Қазақстан  Композиторлар
               одағының  Семей  бөлімшесінің  мүшесі  болған,  мәдениет,  оқу-ағарту
               министрліктерінің  құрмет  грамоталарымен  марапатталған.  2000  жылы  дүние
               салды.


                                                             Әдебиеттер:


                           Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.-  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014. - 138 б.


                           Шығыс  жұлдыздары  Т.1:  Сөз  зергерлері.  Мәдениет  майталмандары:
               энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. – 187 б.


                           Шыңғысұлы  Б.  Жан  өнерпаздар  ұстазы  //  Семей  таңы.  -  1982.  -  12
               мамыр.

                           Шыңғысұлы  Б.  Өмірін  өнерге  арнаған  //  Семей  таңы.  -  1993.  -  26
               қаңтар.
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15