Page 13 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 13

27 қаңтар   Ақын Төлеген Жанғалиевтің туғанына 75 жас (1950)




                                                     Абай  топырағында  туып  өскен  Төлеген
                                          Жанғалиев алып бабаларының атына сай азамат болуды
                                          талабымен ғана емес, тартымды туындыларымен таныта
                                          бастаған  талантты  лирик  ақын.  Төлеген  Жанғалиевтың
                                          ақындық  арынын,  айта  білу  шеберлігін,  әсіресе
                                          балладалары  айғақтап  береді.  «Ақ  арба»,  «Апамның
                                          әңгімесі», «Намыс», «Ақ бантик», «Көрші кемпір», «Иіс
                                          су»     балладалары        үлкен      шеберлікпен        жазылған.
                                          «Шыңғыстау  шындығы»  -  жинақтың  алтын  қазығы
               іспетті. Бұл  Шәкәрім қажыға арналған.


                         1998  жылы  «Ата  мұра»  баспасынан  жарық  көрген  «Біз  жұмаққа
               бармаймыз» кітабында қамтымаған тақырыбы, қозғамаған мәселесі кемде-кем.
               Оны ел мен жер тағдыры толғантады. Әлемде жасалып жатқан іс те, қиянат пен
               қасірет те - бәрі де осы жинақтан орын алған. 1999 жылы мерейтой қарсаңында
               полигон тақырыбына арналған «Атом мен ақын» деген жаңа жинағы баспадан
               шықты.  Ақынның  «Қарлығаш»,  «Сыр  сапар»,  «Жүрегім  сөйлеп  тұрғанда»,
               «Тоғыз  перне»,  «Шыңғыстау  шыңдығы»,  «Баба  жайлы  баллада»  т.б.
               шығармалары бар.


                         Ақынның оқылған ойдың сәулесі» атты жинағының жалғасы «Тілсіздің
               тілі»  2003  жылы  жарыққа  шықты.  1999  жылы  Қарауыл  гимназиясы  жанынан
               Төлеген  Жанғалиев  құрған  ақындар  сыныбына  2002  жылдан  бастап  ақын,
               драматург,  жазушы,  сазгер,  Мерғали  Ибраевтың  есімі  берілген.  2008  жылы
               жарыққа  шыққан  «Матаев»  атты  эссе  өткен  ғасырдың  70-80  жылдарындағы
               Абай елінің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейді.


                         Ұлылар бастаған кешті жалғастырып келе жатқан Төлеген Жанғалиев
               қазақ  поэзиясында  өзіндік  үні  бар,  үнемі  үлкен  ізденіс  үстіндегі  өсумен  келе
               жатқан  ақын.  Ақын  өзінің  шығармаларында  бүгінгі  өмірдің  шындығын  дөп
               басып айтады.

                           Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі.  Республикалық  «Жігер»
               фестивалінің  лауреаты,  Халықаралық  Жамбыл  сыйлығының  бас  жүлдегері,
               облыстың жазба ақындар мүшайрасының бас жүлдегері.




                                                        Әдебиеттер:


                           Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.  -  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014. - 343 б.
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18