Page 11 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 11
10 қаңтар Ақын Әділғазы Қайырбеков 70 жаста (1955)
Ақын, әдебиеттанушы, филология
ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының
мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар Одағының
мүшесі. 1955 жылы 10 қаңтарда бұрынғы Семей облысы
Ақсуат ауданының Қожагелді ауылында туған. ҚазМу-дің
филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1978
жылы Сәбит Мұқанов әдеби-мемориалдық мұражай
үйінде экскурсовод болып бастаған. 1979-1981 жылдар
аралығында қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор, 1981-1991
жылдары «Жас Алаш» газетінде мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі,
1991-1996 жылдары «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі,
1996-1999 жылдары «Қазақ елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары,
«Шалқар» қосымшасының редакторы, 1999-2000 жылдары «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-
мемориалдық мұражай кешенінің директоры. «Бастау», «Ақ тұма»,
«Шамшырақ», «Шер шертер», «Бөрітостаған» жыр жинақтары, «Сөз бен іс»
деректі әңгімелер мен очерктер жинағы, «Намыс найзағайы» деректі хикаяты,
«Саға», «Ардакүрең» эссе, әдеби сын-зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам кітаптары
тағы басқа еңбектері жарық көрген.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Астанаға-10 жыл
мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
грамотасымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма
мүшесі.
Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014. - 430 б.
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 101 б.

