Page 15 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 15
Жанғалиев Т. Тобықтының толғауы // Семей таңы. - 2017. - 1 тамыз. -
Б. 3
Жанғалиев Т. ЭКСПО-ны көргеннен соңғы ой // Семей таңы. - 2017. -
1 тамыз. - Б. 6
Жанғалиев Т. Маңдайға алып мақшарды... / Ертіс өңірі. - 2018. - 10
қаңтар. - Б. 7
2 ақпан Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет зерттеуші, тарихшы
ғалым Мұхтар Мағауинның туғанына 85 жыл (1940)
Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар
Мұқанұлы Абай облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі
Аяғөз ) Баршатас селосында ауыл мұғалімінің отбасында
дүниеге келді.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке
жақын болды. Бала Мұхтар халық ауыз әдебиетінің озық
үлгілерін жаттап өсті. Ауыл қарияларының көкірек
қоймаларын ашқызып, жүрегіне тоқи білді. Орта мектепті
бітірер жылы мектеп пен ауыл кітапханасында ол
оқымаған кітап қалмағанын жерлестері әңгімелеп отырады екен, жерлестері,
үлгі тұтар ағалары Абай мен Әуезов табынған сөз өнері Мағауинді 1962 жылы
Қазақ Мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне алып келсе, 1965
жылы қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. Сөйтіп, алғыр
жігіт ғылым жолына түсті. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында,
Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында,
ҚазПи-де жұмыс істеді.
Мұхтардың көркем прозадағы тырнақ алды жинағы - «Ақша қар».
(1969 ж.) мен «Бір атаның балалары» (1974 ж.) кітаптарымен көпшіліктің
танымал жазушысына айналады. Осы кітаптарында ол адам жанының нәзік
сырларын кейіпкерлердің өзіне аштырып, өмірді қолдан жасамауға, ойдан
жоқты бар етуге жаны қас, байыпты қаламгер келе жатқанын паш етті.
«Тазының өлімі» (1969), «Қара қыз» (1970) «Көк мұнар» романы (1971),
«Шақан Шері» (1984) т.б кітаптары оқырманға жол тартқан.
Мұхтар Мағауин прозасының дені - бүгінгі күн тақырыбы,
кемелденген социализм дәуіріндегі озығымыз, құрметімізді дәріптеп, аяққа
оратылған тозығымызды сынайды. Жазушының адам жанына терең
бойлауының нәтижесінде, өмірді білу, адамдар арасындағы байланыстарды

