Page 12 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 12
24 қаңтар Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі, ақын Ақберен Елгезектің (Әзбергенов) туғанына 45 жыл (1980)
Ақберен Елгезек 1980 жылы 24 қаңтарда
Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы
Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е. Рахмадиев
атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер»
жастар сыйлығының, Т. Айбергенов атындағы
сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар
сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының
иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр»
ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр
жинағының, "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы. Иван Бунин, Дмитрий
Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер
шығармаларын аударған.
2001 – 2003 жылдары Алматы қалалық Iшкi саясат департаментiнiң
бас маманы. 2003 - 2004 жылдары ҚР Ұлттық инженерлiк академиясы
Президентiнiң кеңесшiсi. 2004 - 2008 жылдары Алматы қаласының
Ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2009 жылы әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетi жастар ұйымдарымен жұмыс iстеу бөлiмiнiң
бастығы. 2009 - 2010 жылдары ДҚҚ қарасты «Атажұрт» баспасының бас
редакторы. 2010 – 2011 жылдары «Бөбек» ҰҒПСО-ның Адамды үйлесiмдi
дамыту институтының директоры. 2011 жылы «Бөбек» ҰҒПСО-ның Бас
директоры мiндетiн атқарушы. 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі
«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның вице-президенті. ult.kz порталының
негізін қалаушы. Қазір Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші
орынбасары.
Әдебиеттер:
Ақберен Елгезек // https://qalamger.kz/author
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014. - 343 б.
Ғұмырнама // Мөлдір сана. - 2010. - 4-18 шілде.- Б.15.
Ұмыт қалған ұлттық мүдде // Жалын . - 2009. - № 1. - Б. 2-17 б.

