Page 27 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 27

3 наурыз   Өлкетанушы Әзімхан Сәдуақасұлының
                                             туғанына 95 жыл (1930- 2018)




                                                     1930  жылы  3  наурызда  Мақаншы  ауданының
                                          «Қызыл  жұлдыз»  колхозында  дүниеге  келіп,  сәбилік
                                          шағы  ашаршылыққа,  балалық  шағы  Ұлы  Отан  соғысы
                                          кезінде  қиын-қыстау  кезеңдерді  бастан  өткеріп,  өмірдің
                                          от  жалынында  шыңдалып  ер  жетті.  Сол  кездегі  балғын
                                          жас  еңбек  майданында  бір  кісідей  еңбек  етті.  Соғыстан
                                          кейін білімдар жас оқып, қызмет істеді. Алакөл, Арқалық,
                                          Мақаншы,  Киров,  Үржар,  Шар,  Семей  топырағында
                                          мектепте       қатардағы       мұғалімдіктен         меңгерушілік,
                                          директорлыққа дейін көтеріліп, партия қызметтерін адал
               атқарды.


                           Еңбектері  бағаланып  «Ленин»  (1966),  «Еңбек  Қызыл  Ту»  (1976)
               ордендерімен марапатталып, Құрмет грамоталарымен марапатталды.


                           1992  жылы  құрмет  демалысына  шыққан  еңбек  ардагері  қаламыздың
               тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді  қорғауға  ат  салысып,  өзінің  бай
               тәжірибесін пайдаланып талай пайдалы істердің ұйтқысы бола алды. «Қабанбай
               батыр»  қоғамдық  қорына  жетекшілік  жасап,  біраз  шаруалар  тындырды.
               Шыңғожа батыр ескерткішін орындауда да зор белсенділік танытты.


                           Ол  «Тарихыңды  танып  біл,  «Семей  өңірінің  құрметті  азаматтары»,
               «Құс баптау, саятшылық», «Өмір естеліктері», «Дін – тәрбие діңгегі», «Халық
               қорғаны»,  «Қабанбай  хан  ұраны»  атты  кітаптарында  өзінің  өмірден  түйгені,
               ағалық көзқарастары жазылған.

                           40 астам ғылыми, саяси, мәдени, тарихи экономика тақырыптарында
               еңбектері  жарияланған.  Қазақстан  Республикасы  алдыңдағы  «ерекше  еңбегі»
               үшін республикалық дәрежедегі зейнеткер.


                           Мақаншы  және  Үржар  ауданының  «Құрметті  азаматы»,  Қазақстан
               Республикасының Мәдениет қайраткері, Ленин және Еңбек Қызыл ту ордендері
               мен көптеген медальдардың иегері. Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі (1958
               ж.),  СОКП  ХХІІІ  съезінің  делегаты  (1966  ж.).  Жеті  кітаптың  авторы.  Семей
               қаласының Ақсақалдар алқасының төрағасы.




                                                         Әдебиеттер:


                           Біздің Әзаға // Семей таңы. - 2000. - 2 наурыз. - 2 б.
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32