Page 23 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 23

Сағимұрат, Е. Мұхтар Әуезов бағалаған актриса // Семей таңы. - 2010.
               - 30 қыркүйек. - Б.2


                           Сәкиева К. Мен Майраны көп іздедім // Дидар. - 2010. - 4 наурыз. - Б.7


                           Сейсенұлы Д. Актриса / Егемен Қазақстан. - 2010. - 2 наурыз. - Б.3

                           Сахараның пірі еді. // Ертіс өңірі. - 2019. - 6 ақпан.- Б.19


                           Сейсенұлы  Д.  Актриса:  (Қазақстанның  Халық  әртісі,  сахна  саңлағы
               К.Сәкиева туралы) // Егемен Қазақстан.-2010. - 2 наурыз. - Б.3


                           Семей қаласының Құрметті азаматы // Семей таңы. - 2002. - 25 қазан.
               –Б.2


                           Сыдықов, Е. Өнердің хас шебері // Семей таңы. - 2010. - 23 қыркүйек.
               - Б. 2




                     1 наурыз   Халық ақыны, сазгер, фольклоршы Шәкір Әбеновтың
                                            туғанына 125  жыл (1900-1994)





                                                                    Шәкір  Әбенов  (азан  шақырып
                                                         қойған  аты-  Мұхаммедшаһкүр)  1900  жылы
                                                         наурызда       Абай      ауданының        Құндызды
                                                         ауылында туған. Халық ақыны, фольклоршы,
                                                         сазгер.  Мұсылманша  сауат  ашқан  соң,
                                                         Семейде приход мектебінде, Уфадағы Ғалия
                                                         медресесінде  оқыған.  1916  жылы  Семейдегі
                                                         ер балалар гимназиясында қабылданады.


                                                                    13-14  жасында  Семейге  оралып
                                                         мешітте  істейді,  өз  бетімен  мұсылманша
                                                         кітаптар  оқиды.  Осы  жылы  ол  қазақтың
               белгілі  ақыны  С.Торайғыровпен  танысып,  оның  өлеңдерін  жатқа  айтатын
               болған.  Орыс  ақындары  А.Пушкин,  М.Лермонтов  жырларымен  алғаш
               сусындауы  да  осы  кез.  Осы  уақытта  революция  басталып,  жас  бозбала  сол
               дүбірге ден қойып кетеді. 1921-1926 жылдары атқамінер белсенділер қатарына
               қосылып,  Мақаншы  жақта  кеңсе  қызметін  атқарады.  1929-30  жылдары
               ауылдарды кеңестендіру кезінде өз пікірін білдіру кезінде қудалауға ұшырап,
               Алматыға  кетеді.  Мұнда  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлин  сияқты
               әдебиеттің  майталман  ақындармен  бірге  жырлаған  ақын  рухани  азық  алып
               еліне Мақаншыға оралады.
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28