Page 28 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 28

Молдағалиұлы Т. Әзекең асқан белестер: (Ә.Сәдуақасұлына 80 жас) //
               Ертіс өңірі.-2010. - 24 ақпан.-13 б.


                           Сәдуақасұлы  Ә.  Жерлестер  жайлы  кітап  //  Семей  таңы.  -  2001.-  2
               ақпан.- 4 б.


                           Сәдуақасұлы Ә. Құс баптау, саятшылық // Дидар. - 1999. - 2 қараша.

                           Сәдуақасұлы  Ә.  Семей  өңірінің  құрметті  азаматтары.  -  Алматы:
               «Арқас», 2005. - 280 б.


                           Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл. - Алматы: «Шартарап», 2000.-
               256 б.




                4 наурыз    Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР халық
                                        ағарту саласының озық қызметкері
                                  Арап Еспенбетовтың туғанына  80 жыл (1945)




                                       Еспенбетов                 Арап                Сіләмұлы                 -
                                       ғалым, филология ғылымдарының  докторы, профессор,ҚР
                                       халық ағарту саласының озық қызметкері.


                                       Арап  Еспенбетов  Сіләмұлы  -  1945  жылы   Абай  облысы,
                                       Абай ауданы                  Қарауыл ауылында                    туған.
                                       Семей педагогикалық институтын бітірген.


                                       Көрнекті  ғалым  өмір  жолын  ұстаздықпен  өре  білді.  1967-
                                       1991      жылдар        аралығында         Семей       педагогикалық
               институтында   оқытушы, аға  оқытушы, доцент,  аға  ғылыми  қызметкер.  1972-
               1975  жылдары  ҚазҰУ-дың қазақ  әдебиеті кафедрасының  аспирантурасын
               бітірді.  1977-1978  жылдары  Семей  педагогикалық  институты  филология
               факультеті деканының орынбасары, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
               кызметтерін         атқарды.       1993-96       жылдары Шәкәрім атындағы                Семей
               педагогикалық  институтының  проректоры,  Семей  мемлекеттік  университеті
               гуманитарлық  институтының  ректоры.  Ғылыми-зерттеу  еңбектері  қазақ
               әдебиеті  тарихы  мәселелеріне  арналған.  1975  жылы  «С.Торайғыровтың
               лирикасы»  деген  тақырыпта  кандидаттық,  1993  жылы  «С.Торайғыровтың
               шығармашылық өмірбаяны» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
               А.  Еспенбетовтің  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  өзекті  мәселелеріне,
               сұлтанмахмұттануға арналған жүзге тарта ғылыми мақалалардың авторы. Арап
               Еспенбетовтің  өз  ортасында  ғылыми  мектеп  –  «Еспенбетов  мектебін»
               қалыптастырудағы еңбегі үлкен.
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33