Page 29 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 29
Арап Еспенбетовтің редакторлығымен «Ақындық әлем», «Әріп ақын»,
«Шындықтан басқа жолға түсе алмаймын», «Мұхтар Әуезов және Семей»,
«Шәкәрім және Гете» , «Төлеу Көбдіковтің әдеби мұрасы», «Халық ақыны-
Сапарғали Әлімбетов», «Ғалым мұраты», «Уәйіс ақын» сынды еңбектер жарық
көрді.
Профессор Арап Еспенбетовтің тікелей жетекшілігімен 1 ғылым
докторы, 19 ғылым кандидаттары дәрежесін қорғаса, 16 магистірлік
жұмыстарына басшылық жасады, 400-ге жуық ғылыми және әдеби – танымдық
мақалалар мен баяндамалар, бірнеше монографиялар жазып, оқу құралдарын
шығарды.
«Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» (1987), ҚР білім беру ісінің
үздігі құрметті қызметкері» (2004), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі
үшін» (2001) белгілерінің, ЖОО үздік оқытушысы -2010 мемлекеттік
грантының иегері, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медалімен
марапатталған.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 67 б.
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014.-335 б.
XX ғасыр әдебиеті және "Абай" журналы; А. Еспенбетов // Абай. –
2016.- №3.- Б. 3-7
Абай арманы - барша қазақтың арманы // Қазақ әдебиеті. –
2012.- 11 мамыр.- Б. 9
Әбдіғазиұлы Б. Профессор А. Еспенбетов және қазақ әдебиеті
тарихының мәселелері // Шәкәрім. - 2015. - №1. - Б. 68-70
Бисенғали З. Ғ. Парызы мен қарызын ақтаған жан // Қазақ әдебиеті. -
2015. - 27 ақпан. - Б. 9
Ердембеков Б. Орданың Абай тіккен бір уығы // Абай. - 2015. - №2. -
Б. 20-24
Еспенбетов А. (филол.ғ.д., проф.). Сұлтанмахмұт архив деректерінде //
Абай. - 2015. - №2. - Б. 14-19
Еспенбетов А. "Мәтінді түзеп алмай, зерттеу жасау - күлкілі жағдай"

