Page 24 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 24

1933 жылы Алматыға келеді. Бірақ ұзақ жүре алмай, Үржарға қайтып
               оралғанда, «Сәдуақасовшылардың» тізіміне ілініп, Ақтөбе түрмесіне қамалады.
               Одан 1935 жылы босап, Алматыға екінші рет оралады.


                           1937 жылы Алматыда “Әдебиет және искусство” журналында “Қозы
               Көрпеш  Баян  сұлу”  дастанының  Ш.Әбенов  жырлаған  нұсқасы  жарық  көреді.
               Сабырбай, Дулат, Жанақ,  Түбек ақындардың мұраларын жаздырып, қолжазба
               қорына тапсырады. Жамбылдың әдеби хатшысы болып қызмет жасайды. Тағы
               да  қуғынға  ұшыраған  соң,  сұранып  1941  жылы  соғысқа  кетеді.  Соғыста  бір
               аяғынан  жараланып,  еліне  қайтады.  Отан  соғысынын  1-дәрежелі  орденімен
               марапатталады.  Ғасырға  жуық  жасап,  заманның  қилы-қилы  қыр-сырына
               қаныққан сұңғыла ақын өз жырларына көбіне махаббат пен әділдік, ерлік пен
               ездік, адалдық пен арамдық, адамгершілікті өзек етуден еш айнымайды.


                           “Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу”,  “Таңшебер  Жапал”,  “Кейпін  батыр",
               “Ана  махаббаты”,  “Алданған  қыз”,  ”Патша  мен  байғыз”,  “Қорқыт  қобызы”
               аңыз  толғауларын,  мысал-өлеңдерін  жазады.  Шәкір  ақынның  тағы  бір
               ерекшелігі – домбыра, қобыз, гармон аспаптарын құбылта ойнаумен қатар, өлең
               мәтінін де өзі жазып, әнін де өзі шығарған сазгердің “Алтай аруы” Құндызды
               ауылының той-думанының көркі.


                           Ақынның шығармашылығын зерттеуде бұған дейін Сапар Байжан ата
               XX  ғасырдағы  казақ  поэзиясының  еркін  тұлғасы  Шәкір  Әбенұлының  қос
               томдық  шығармалар  жинағын  өз  қолымен  даярлап,  ақын  шығармашылығы
               туралы  монография  жазған  еді.  2001  жылы  “Жер  кіндігі  –  Жидебай”  атты
               кітабы  Елорда  баспасынан  шықты.  Онда  ақынның  өмірбаяны  мен  өлең-
               дастандары берілген. Ш.Әбенов Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен
               марапатталған.  “Халықтар  достығы”  орденінің  иегері.  Тұңғыш  Президентіміз
               Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал. Туған жерінде
               мемориалдық мұражайы ашылып, қабіріне биік кесене тұрғызылды. 1990 жылы
               «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.

                           Артына  мол  шығармашылық  мұралар  қалдырған,    арқалы  ақын,
               сазгер,  көнеден  қалған  мұраны  қастерлеп  өткен  Ш.  Әбенов  1994  жылы  қазан
               айында дүниеден өтті.





                                                       Әдебиеттер :


                           Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.-  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014. - 206 б.


                           Шығыс  жұлдыздары  Т.1:  Сөз  зергерлері.  Мәдениет  майталмандары:
               энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 304 б.
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29