Page 82 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 82
1960 жылы 28 қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан
облысының Ақсуат ауданындағы Ақсуат ауылында дүниеге
келген.
1989 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық киноматография институтының
режиссерлік бөлімін бітірген. «Қазақфильм» киностудиясында жүргізуші,
режиссердің ассистенті болып жұмыс істеген. 1989-1992 жылдары
ағылшындық ВВС компаниясының арнайы шақыруымен Лондон қаласында
режиссердің ассистенті қызметін атқарған.
«Қиян», «Ақсуат», «Ағайынды үшеу» тағы басқа өмірді шынай
көрсететін психологиялық сипаттағы кино туындылары бар. Режиссердің
фильмдері халықаралық кинофестивальдердің 20-дан астам жүлдесін жеңіп
алған.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының иегері,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары Т.1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары :
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. – 189 б.
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014.-181 б.
21 қараша Тіл маманы Ахмеди Ысқақовтың туғанына 115 жыл
(1910-1996)

