Page 84 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 84
Мақанқызы К. Тіл тағдыры-ел тағдыры// Ертіс өңірі. - 2010. - 7 сәуір. -
Б.16
Пірәлиев С. Қара шаңырақ // Мәдени мұра = Культурное наследие. -
2012. - №4. - Б. 4-14
Тоқтарова Т. Пайымы ақиқатқа айналған профессор // Семей таңы . -
2011. - 29 қараша. - Б. 4
Тоқтарова Т. Ұлт қазынасының ұлы зерттеушісі : профессор Ахмеди
Ысқақовтың еңбегі жайында / Т. Тоқтарова // Семей таңы . - 2011. - 7 маусым. -
Б. 3
Шарапиева Л. Тіл білімінің туын көтерген // Семей таңы . - 2010. - 16
қыркүйек. -Б.9
24 қараша Жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына
130 жыл (1895-1983)
Сапарғали Бегалин 1895 жылы бұрынғы Семей
облысы, Абыралы ауданының Дегелең деген жерінде туған.
Әкесі жеті жасында молдаға оқуға береді. 1911 жылы
Семейдегі мұғалімдер дайындайтын семинарияға оқуға
түсіп, оны 1915 жылы бітіріп шығады. Тұңғыш өлеңі 1914
жылы «Айқап» журналында басылып шығады.
1916 жылы 19-31 жас аралығында патшаның майдан жұмысына қазақ
жігіттерін алу жөніндегі бұйрығы шығып, үш жүздей жастар Петроград
маңындағы Новониколаевск темір жолына қара жұмысқа барған. Қайтып кеп
1920 жылдан Ақбота болысында облыстық ревкомның бастығы, 1922 жылы
Дегелең болысының төрағасы, 1922 жылы Қарқаралы уезінің атқару
комитетіне мүше болып сайланған. 1930 жылы Алматыға «Теміржол»
газетіне жұмысқа тұрады. 1926-1928 жылдары Ақтоғай мен шет аудандарда
сот болған. Алашорда әнұранын жазған Сұлтанмахмұтты ұстаз тұтқаны үшін
оған «сыбай-лас» деген айып тағылып, үш ай Семей абақтысына жабылады.
С.Бегалин - ақын, жазушы, аудармашы. Оның қолынан шыққан «Тау
сыры» (1938), «Таңсық» (1940), «Қыран кегі» (1943), «Машинист» (1944),
«Алтай аңызы» (1947) дастандары, «Сәтжан» (1947), «Көксегеннің
кергендері» (1948), «Шоқан асулары» (1964, 1970).
«Бақыт» (1960) т.б. жинақтары жазушыны халыққа кеңінен танытты.

