Page 83 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 83

Ұлттық  Ғылым  академиясының  корреспондент  мүшесі,  филология
                  ғылымының  докторы,  профессор,  Қазақ  ССР-нің  еңбек  сіңірген  ғылым
                  қайраткері  Ахмеди  Ысқақов  1910  жылы  21  қарашада  Семей  облысы,  Абай
                  ауданына қарасты, қазіргі Абралы ауданы, қайнар ауылында дүниеге келді.


                         Әке-шешеден  ерте  айырылған  ол  тұрмыс  тауқыметін  тарта  жүріп
                  өмірге ерте араласады. 12 жасына дейін ауыл молдасынан арабша хат танып,
                  1922  жылдан  бастап  алғаш ашылған  бастауыш  ауыл  мектебін  бітірген  соң,
                  1925-1930  жылға  дейін  Қарқаралы  қаласындағы  90  жылдық  бұрынғы
                  гимназия кеңес мектебінде педагогиалық бағыттағы оқу орнында оқып, одан
                  мұғалімдік  жолдама  алып  шығады.  Содан  соң  Қарқаралы,  Қызылжар
                  қалаларында мұғалім болып біраз жыл қызмет істейді.


                         1936  жылы  Алматының  Абай  атындағы  педагогикалық  интситутына
                  түседі.  Онда  қазақ  тіл  білімінің  тұңғыш  профессоры  Қ.Жұбановтан  сабақ
                  алады.      1940      жылдардан        бастап      Ленинградтағы          ССРО       Ғылым
                  Академиясының  ССРО  халықтарының  тілі  мен  жазуы  институтында
                  аспирант болып, профессор Дмитриевтің жетекшілігінде жұмыс істейді. Осы
                  екі ғалымнан алған тәлім-тәрбиесі, білім күшті әсер еткен ғалымның  бұдан
                  былайғы  өмірі  оқу-ағарту  ісімен  тығыз  байланысты  болды.    А.Ысқақов
                  Алматы  педагогика  институты  директорының  орынбасары,  директоры,
                  қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының  меңгерушісі,
                  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Тіл  және  әдебиет  институтының  директоры
                  болып, үлкен басқарушылық қызмет пен педагогтық жолдан өтеді.


                         Ғалым  300-ден  астам  ғылыми  еңбектің  авторы.  Онда  қазақ  тілінің
                  көкейтесті  мәселелері  шешімін  тапқан.  Ол  ұзақ  жылдардан  бері  орта
                  мектепке арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы.Шебер ұстаз, белгілі
                  ғалым, тіл мәдениетінің көкейтесті мәселелерін ұйымдастырушы.

                     Ахмади Ысқақұлы 1996 жылы қайтыс болды.





                                                         Әдебиеттер:





                         Әйгілі ғалым, ұлағатты ұстаз . Ұрпақтары. - Алматы: «Тамыр» баспасы,
              2004. -144 б.

                         Әмір  Р.  Көрнекті  ғалым,  аяулым  ұстаз  Ахмеди  Ысқақовты  еске  алу//
              Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2000. - №10. - Б. 3-8


                         Ибатов А., Османова А. Ұлағаттыққа жеткен ұстаз // Қазақстан мектебі.
              - 1981.-№1. - Б.78-80 б.
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88